Балалар әдебиетінің дамуының қазіргі мәселелері



Дата25.05.2023
өлшемі13,76 Kb.
#97508
Байланысты:
балалар әдебиеті 85 сұрақ


  1. Балалар әдебиетінің дамуының қазіргі мәселелері.

Қазақ балалар поэзиясына зерттеулер жүргізу кеш қолға алынғанымен, құнды еңбектерімен тарихта атын қалдыра білген ғалымдар да баршылық. Қазақ балалар әдебиетінің зерттелуі жайлы сөз қозғалғанда, алдымен ойымызға оралатын, ғылыми еңбектері бүгінгі күні де өзектілігін жоймаған, әрбір балалар әдебиетін зерттеуші басшылыққа алатын еңбек – Ш.Ахметовтың ғылыми жұмыстары. Дегенмен, заман талабына сай, жаңару мен өзгеру кезеңінде өз ғасырына сай жазылған ғалым еңбектерінің пайдаға аспайтын тұстары да кездесіп жатады. Балаларға арналған әдебиеттерге арнайы мән беріліп, ізденіс жұмыстары ХХ ғасырдың екінші жартысынан бастап зерттеле бастады. Аталмыш кезеңнің үздік зерттеулері деп Қадыр Мырзалиев, Бекен Ыбырайым, Серік Қирабаев сынды ғалымдардың еңбектерін айта аламыз. «Қазіргі қазақ балалар повестерінің көркемдік ерекшеліктері» және «Қазіргі қазақ балалар прозасы және рухани-эстетикалық даму мәселелері» атты Бекен Ыбырайым секілді ғалымның тың зерттеу жұмыстары, С.Өскенбаевтың 1970 жылы жарық көрген «Қазақ балалар прозасының даму тенденциялары» атты еңбектері балалар әдебиетінің алғашқы және тың зерттеулері болуымен ерекшеленеді. Балалар поэзиясының көптеген мәселелері мен еңбек сіңірген қаламгерлерімізді зерттеу жұмысына арқау еткен Ж.А.Рүстемова, Е.Өтетілеуов, Б.Тәжібаев, Н.Дәутаев сынды ғалымдар аталмыш саланың дамуына зор үлес қосқандығын айтқымыз келеді. Балалар әдебиетінің мәселелерін қаузап, сыни тұрғыда жазылған жарияланымдары мен көзқарастары баспа беттерінен көрініс тауып тұрды. Ауыздан-ауызға тарап бүгінгі күнге дейін жалғастық тапқан фольклор жырлары мен балаларға арналған тың туындыларды зерттеп, Ахмет Байтұрсынов, Мәлік Ғабдуллин, А.Мамбетова секілді ғалымдар халық ауыз әдебиетінің бүлдіршіндер ойына әсері мен пайдасы туралы еңбектер жазды. Бұл жұмыстарда өткен кезеңнің балалар әдебиеті толық сарапталды дегенмен бүгінгі қазақ балалар әдебиетінің әлі де зерттеуді қажет етер кемшіл тұстары өте көп. Келешектің тұтқасы саналған өрендеріміздің ел қамын ойлайтын білімді, ойлы азамат болып тәрбиеленуі үшін балалар поэзиясының орны ерек. Әдебиеттің аталмыш саласының басты мақсаты – өскелең ұрпақтың білім деңгейін жоғарылатып, елі үшін «тау қопарар» ұлтжанды азамат тәрбиелеу. Ал егемендік алғаннан кейінгі балалар әдебиеті Кеңестік кезеңмен салыстырмалы түрде қарағанда өзгеше жаңа бағытта өріс алды. Оның ішінде баланы әзіл өлеңдермен тәрбиелейтін мазақтама өлеңдерін ерекшелеп айтуға болады. Бала бойындағы жағымсыз қасиеттерін сынға алып, сол арқылы өз мінін өзіне көрсетпек болған тәсілді жазушылар өте орынды қолдана білген.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет