Қазақ фольклористикасы 20-шы жылдары айырықша бой көрсетті. Əрине бұл кезеңде Х.Досмұхамедов, М.Əуезовтың қатысуымен қазақтың батырлық жырлары, басқа да фольклор туындылары жарық көрді. Ал 1930 жылдары қазақтың эпостық жырлары жарық көре бастады.«Батырлар жыры», М.Əуезов тапқан « Қозы Көрпеш-Баян сұлу» жырының жаңа нұсқасы, айтыстың бірінші кітабы ( С.Мұқановтың сөз басымен) басылды. «Қазақ ертегілері» мен « Алпамыс» «Қамбар», «Қобыланды» сияқты озық үлгілері орыс тіліне аударылып осы кезеңде жарық көрді. 1940 жылдан бастап, фольклористика саласындағы арнаулы зерттеулер өсе түсті. Қ.Жұмалиев пен М.Ғабдуллин ауыз əдебиетіне байланысты оқу құралдарын жазса, Ə.Марғұлан қазақ эпосының түп тегіне қатысты көптеген этнографиялық мақалалар жариялады. Ал сол 1945 жылы Ұлы Отан соғысы кезінде С.Орловтың «Казахский героический эпос» деген зерттеу жұмысы жарық көрді. Сол жылдары Қазақстанның көрнекті ғалымдары М.Əуезов, Ə.Марғұлан; Қ.Жұмалиев, М.Ғабдуллин, Б.Кенжебаев, Ə.Қоңыратбаевтар қазақ фольклористикасының дамуына елеулі үлес қосты. Кейін 1948 жылы «Қазақ əдебиеті тарихының» алғашқы томы қазақ фольклорының жанрларын қамтыған үлкен еңбек жарық көрді. Ал кейін 1956 жылдан бастап қазақ фольклоры жақын зерттеле бастады. Кейін М.Əуезов атындағы « Əдебиет жəне өнер институты алғаш құрылғаннан бастап, «Айтыс» (3 томдық), «Үш ғасыр жырлайды»,жинақтары шығарылды. « Қазақ фольклористикасы» (1972ж.) , «Қазақ фольклористикасының тарихы» (1988ж.), «Фольклор шындығы» (1990 ж.), «Бес ғасыр жырлайды» (1985 ж.) , «Қиссадастандар» (1986 ж.) көп томдық ертегі ,айтыс, батырлар жырына арналған ғылыми зерттеулер мен еңбектер шықты.
Атақты ғалым А.Байтұрсынов мəдени мұрамыздың құнды қазыналарын бір жүйеге келтіріп ғылыми тұрғыда негіздеген. Оның ертегілері, мақалмəтелдері, өсиет сөздері, қиссадастандары бүгінгі жас өспірімдерді педагогика негізінде тəрбиелеуде аса құнды. А.Байтұрсынов өз еңбектерінде «өтірік өлең», «жұмбақ», «жаңылтпаш», «тақпақ», «бесік жыры» тəрізді жанрларының мəнін түсіндіріп, эстетикалық тəрбие саласына да ерекше тоқталды. Сол сияқты атақты ғалымдардың біразы атап айтсақ ( С.Сейфуллин, Ш.Ахметов, Қ.Матыжанов т.б.) сынды ғалымдар қазақ балалар фольклорын арнайы зерттеу оъектісіне айналдырып жан-жақты қарастырып зерттеген. Сол қазақ балалар фольклоры зерттеулеріне ғылыми тұрғыда зерттеп талдау жасаған, өзіндік табиғатын тұтас құбылыс ретінде саралаған тұңғыш тəжірбие жасаған Қ.Матыжанов. Ғалым өз еңбегінде: «Ең алдымен балаларға арналған халық шығармалары- балалар психологиясын, көркемдік талғамын, шығармашылық мүмкіндіктерін танытатын асыл мұра. Ол өзінің бала қабілетіне лайықтылығымен , логикалық жүйелілігімен , тілінің нəрлілігімен, музыкалық сазымен, өнегелі мазмұнымен, жеңіл формасымен, балалардың рухани азығына айналған бағалы тəрбие құралы»,-деп фольклордың жас жеткіншектер тəрбиесіндегі құндылығын анық көрсетеді. Балар әдебиетін зерттеушілердің бірі Ш. Ыбыраев балалар фольклоры туралы “Ақ сандық,көк сандық” атты жинақ құрастырды. Бұл жинақтың мазмұны бесік жыры,тақпақтар мен жұмбақтар,ойын өлеңдер.