Балалар фольклорының зерттелуі Балалар фольклорын зерттеуші ғалымдар



бет9/10
Дата25.05.2023
өлшемі232,19 Kb.
#97095
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
БАӨЖ1

Балалар өлеңдері(тақпақ, сұрамақ). Жеткіншектердің күнделікті тіршілігінде жиі айтылып, кең таралған өлеңдер тобын шартты түрде балалар өлеңдері деп жеке топтауға болады. Тақпақ(«Торғай», «Қарға», «Сауысқан» т.б) – шағын көлемді шығарма. Тақпақта дыбыстық үйлесімдер жарасымы анық байқалады. Мазмұны балалардың таным-түсінігіне, күнделікті тірлігіне етене жақын болып келеді. Сұрамақ(«Қарға, қарға, қарғалар», «Ауылың қайда?», «Бақа» т.б.) диалогқа құрылып, екі баланың кезектесіп айтуына ыңғайлы болып келеді. Өлең құрылысы да ойнақы, жеңіл, шымыр ұйқасқа құрылады. Айтыс түрінде келетін өзгеше қызық формасы да(«Қой мен ешкінің айтысы») бар.

Балалар өлеңдері(тақпақ, сұрамақ). Жеткіншектердің күнделікті тіршілігінде жиі айтылып, кең таралған өлеңдер тобын шартты түрде балалар өлеңдері деп жеке топтауға болады. Тақпақ(«Торғай», «Қарға», «Сауысқан» т.б) – шағын көлемді шығарма. Тақпақта дыбыстық үйлесімдер жарасымы анық байқалады. Мазмұны балалардың таным-түсінігіне, күнделікті тірлігіне етене жақын болып келеді. Сұрамақ(«Қарға, қарға, қарғалар», «Ауылың қайда?», «Бақа» т.б.) диалогқа құрылып, екі баланың кезектесіп айтуына ыңғайлы болып келеді. Өлең құрылысы да ойнақы, жеңіл, шымыр ұйқасқа құрылады. Айтыс түрінде келетін өзгеше қызық формасы да(«Қой мен ешкінің айтысы») бар.

Қызықтама(прибаутки). Қызықтамалардың(«Түлкі, түлкі, түлкішек», «Түйе, түйе, түйелер» т.б.) ең басты ерекшелігі, өлеңдік баяндауға құрылатындығы. Олардың сюжеті үнемі тізбекті болып келеді. Бұл өлеңдерді балалар ынталана тыңдап, тамашалап қана қоймай, оның астарындағы юморды да түсіне білуі шарт.

Мазақтама(дразнилки). 6-12 жас аралығындағы балалар бір-біріне ат қойып, айдар тағуға, кез-келген жағдайда бір-бірін келемеждеуге ыңғай тұрады. Және ол келемеждерін көбінесе өлең жолдары арқылы білдіреді. Балалар мазақтамаларын мазмұны, тақырып объектісі жағынан балалар атына ұйқастырылған(рифмованные прозвища) мазақтамалар және бала бойындағы, мінезі мен әрекетіндегі түрлі кемшіліктерді күлкі етуге арналған сайқымазақ мазақтамалар деп екі жікке бөлуге болады. Мазақтаманың негізгі мақсаты – баланың мінін көрсетіп, сынау, оны тәрбиелеу. Ал балалардың бірін-бірі мазақтауы кезінде орынсыз пайдаланып, бір-бірінің арына тиіп, ызаландырып жасытуы мүмкін. Ондайда оларға үлкендік, салиқалық кеңес керек.

  • Мазақтама(дразнилки). 6-12 жас аралығындағы балалар бір-біріне ат қойып, айдар тағуға, кез-келген жағдайда бір-бірін келемеждеуге ыңғай тұрады. Және ол келемеждерін көбінесе өлең жолдары арқылы білдіреді. Балалар мазақтамаларын мазмұны, тақырып объектісі жағынан балалар атына ұйқастырылған(рифмованные прозвища) мазақтамалар және бала бойындағы, мінезі мен әрекетіндегі түрлі кемшіліктерді күлкі етуге арналған сайқымазақ мазақтамалар деп екі жікке бөлуге болады. Мазақтаманың негізгі мақсаты – баланың мінін көрсетіп, сынау, оны тәрбиелеу. Ал балалардың бірін-бірі мазақтауы кезінде орынсыз пайдаланып, бір-бірінің арына тиіп, ызаландырып жасытуы мүмкін. Ондайда оларға үлкендік, салиқалық кеңес керек.
  • Ойынға байланысты жырлар. Балалар ойынының поэзиялық өрнегіне, фольклорлық мән-мағынасына тоқталатын болсақ, екі үлкен жікке бөліп саралауға болатын тәрізді. Оның алғашқы тобына балалардың қимыл-қозғалыс ойындарына, ойынның басталуына, жүргізілуіне, аяқталуына байланысты айтылатын, яғни, ойынға байланысты өлеңдер, екінші жікке өлең-ойындар жатады. Екінші жағдайда балалар өлең сөзін ойынға айналдырады, сол арқылы тапқырлық, ұтқырлық сияқты ой жарысына түседі. Әрекетке құрылған рольді ойындардың(ролевые игры) құрылысында өлең сөз ерекше белсенді қызмет атқарады. Ойынға байланысты келетін өлеңдердің әрқайсысының өзіне тәуелді функциясы, соған орай мазмұны мен өзіндік ерекшеліктері бар. Осы сипаттарына қарай бұл өлеңдерді фольклоршылар мынадай ішкі жанрлық түрлерге жіктеп жүр: Ойынға шақыру өлеңдері. Қаламақ. Санамақ. Драмалық ойындар.
  • Ойынға шақыру(голосянки). Ойынқұмар ауыл балалары өз серіктерін іздеп бірін-бірі ойынға шақырады. Балалар көп жағдайда бір-бірін өлеңмен де шақырады. Ол өлеңдерді балалар жеке-жеке де, хормен де дауыстап айта береді. Өлеңнің мазмұны көбіне баланы ызаландырып, шамына тиіп қалайда ойынға шығаруды көздейді(«Айдағаным торпақ, ала тайым жортақ. Кім ойынға шықпаса, қоян жүрек қорқақ», «Әуеде ұшқан алты қаз, атайын десем оғым аз. Егер ойынға келмесе, пәленшенің басы таз», «Сәуле бізбен дос, қолы күнде бос. Добын ала шығады, дарбазасын жаба шығады»).
  • Қаламақ(жеребьевки). Балалар ойынының басталуында да өлеңнің атқарар рөлі зор. Көпшілік ойындардың ойнау шарты бойынша балаларға екі топқа бөлінуге тура келеді. Мұндай жағдайда балалар әр түрлі тәсілдер қолданады. Осындай тәсілдің бірі – қаламақ арқылы жіктелу. Ойын алдында балалар екі жетекші сайлайды, содан соң екі-екіден жұптасып, өздеріне жасырын ат қояды. Сол жасырын ат бойынша екі жетекшіден кезек-кезек қалауын сұрайды. Мысалы, «аспандағы жұлдыз керек пе, судағы құндыз керек пе?» деп сұрайды. Жетекшінің бір «судағы құндыз» немесе «аспандағы жұлдыз» дейді. «Құндыз бала» немесе «жұлдыз бала» сол жаққа шығады. Осылайша олар екі топқа бөлінеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет