Яғни халық ауыз əдебиеті жанрларын тəрбие құралы ретінде пайдаланып балаларды ақылдылыққа, парасаттылыққа, адамгершілікке баулап жауыздық пен күресіп жеңе білуді уағыздаған, əділдікті үйреткен. Тіліне, дініне берік болып, ұлттық мəдениетті көтеруге жетелеген. «Фольклордың қай туындысын алсақта ғибрат айтарлық , жөн-жоба мен үлгі-өнеге көрсетерлік қасиеті мол. Мұның бəрі де халық пікірі, келешек ұрпақты тəрбиелеудің эстетикалық құралы деп тануды қажет етеді. Өйткені, көркемдіктен лəззат алу, əсемдік пен сұлулықты ардақтау, озық мəдениетке бастап, жамандықтан жирендіріп отыру халықтың талап-талғамының жемісі, сыншылдық көзқарасының нышандары»,-деп жазушы Т.Кəкішов фольклор жанрларының жастар тəрбиесіндегі маңызын ашып көрсетеді. Егемендігімізді алғаннан кейін 1992 жылы баланың жеке тұлғасын, халқымыздың асыл мұрасы қазақ фольклорын, дəстүрін құрметтеу, елін-жерін сүю, адамгершілік жəне эстетикалық сезім əрекеттерін бекіту мақсатында тұжырымдама жасалды.
Академик –жазушы М.Əуезов: «Біз ауыз əдебиетін зерттей отырып, халық санасындағы Отаншылдық сезімді, халық ұғымындағы адамгершілік гуманизмді, эстетикалық мəдениет пен рухани байлықты сол халықтың өткендегі өмірін, аңсау-арманын, əдет-ғұрпын, халық тəрбиесінің жемісін көреміз»,- деп балалар фольклорының тəрбиелік мəнін айқын ашып береді.
Фольклор тəрбиелеу, білім беру жұмысының барлық саласымен ұштасып, сабақтаса жалғасады. Қазақ фольклорының өзіне тəн ерекшелігі-балаға айналасындағы бай мұраның əсемдігі мен əсерлілігін түсінікті етіп жеткізе отырып, ұлттық еңбектің нəтижесін сезінуге, қоршаған дүниеге, салт-дəстүрге, ой-қиялын дамытуға əсер ететіндей негізгі тəрбие құралы болуында. Яғни фольклор баланың танымын кеңейтеді.
Бесік жыры.Бесік жырларын дәстүрлі бесік жырлары және суырып салма бесік жырлары деп екі топқа бөліп қарастырған жөн. Дәстүрлі бесік жырына ұзақ жылдар бойы айтылып әбден қалыпқа түскен жырлар жатады. Бұл жырлар тікелей балаларға арналған. Жырдың негізгі мазмұны баланы ұйықтатуға тыныштандыруға, оның жарқын болашағына ақ тілек білдіруге құрылады. Суырып салма бесік жырлары адамның жеке басындағы, тұрмыстағы, тарих пен қоғамдағы түрлі оқиғалардың әсерінен туып тарап отырған. Бала тербетіп отырған адам бесік жырының дәстүрлі нұсқасын пайдалана отырып, өз ой толқынысын, күйініш-сүйінішін сыртқа шығарады. Бесік жыры көбінесе тілек айту мәніне құралады да, жыр айтушы бөбектің келешегіне сенім артып, қуанышқа бөленеді. Үміт тілек: - Айыр қалпақ киісіп, Ақырып жауға тиісіп, Батыр болар ма екенсің? Бармақтарың майысып, Түрлі ою ойысып Ұста болар ма екенсің? Бата тілек(сенім арту): Ала биең құлындап, Алатауға сыймасын» Қара биең құлындап, Қара тауға сыймасын…Ақылыңмен батыл бол, ғайынмен тату бол. Бағаналы таудай бол, Шағалалы көлдей бол. Халық педагогикасының бұл саласы ғасырлар бойы бала тәрбиесіне өз өрнектерімен әсер етіп, қазіргі көркем әдебиет нұсқаларымен дамып келеді.
Бесік жыры. Бесік жырларын дәстүрлі бесік жырлары және суырып салма бесік жырлары деп екі топқа бөліп қарастырған жөн. Дәстүрлі бесік жырына ұзақ жылдар бойы айтылып әбден қалыпқа түскен жырлар жатады. Бұл жырлар тікелей балаларға арналған. Жырдың негізгі мазмұны баланы ұйықтатуға тыныштандыруға, оның жарқын болашағына ақ тілек білдіруге құрылады. Суырып салма бесік жырлары адамның жеке басындағы, тұрмыстағы, тарих пен қоғамдағы түрлі оқиғалардың әсерінен туып тарап отырған. Бала тербетіп отырған адам бесік жырының дәстүрлі нұсқасын пайдалана отырып, өз ой толқынысын, күйініш-сүйінішін сыртқа шығарады. Бесік жыры көбінесе тілек айту мәніне құралады да, жыр айтушы бөбектің келешегіне сенім артып, қуанышқа бөленеді. Үміт тілек: - Айыр қалпақ киісіп, Ақырып жауға тиісіп, Батыр болар ма екенсің? Бармақтарың майысып, Түрлі ою ойысып Ұста болар ма екенсің? Бата тілек(сенім арту): Ала биең құлындап, Алатауға сыймасын» Қара биең құлындап, Қара тауға сыймасын…Ақылыңмен батыл бол, ғайынмен тату бол. Бағаналы таудай бол, Шағалалы көлдей бол. Халық педагогикасының бұл саласы ғасырлар бойы бала тәрбиесіне өз өрнектерімен әсер етіп, қазіргі көркем әдебиет нұсқаларымен дамып келеді.