Байланысты: Балалар мен жасөспірімдер гигиенасы-melimde.com
Дене шынықтыру
Өмірінің бірінші айының соңында сәбиге массаж жасау – баланы баптаудың негізгі элементтерінің бірі болып саналады,ол баланың даму процесіне жақсы әсер етеді. Ал төрт айлық кезінде массажға қоса гимнастика да жасату қажет.Бұл кезде сәбиге дифтерия мен туберкулезға қарсы иммунизация жасалу қажет.
Сәбилер күніне 5-6 сағат таза ауада болуы керек.Тамақтануы толық құнды ,яғни қолданылатын тағамдар әр түрлі болу керек.Сәбилерге екі жастан бастап күніне 4 рет тамақ қабылдауы керек.
Сәбилердің ферментативтік және моторлы функциясының нашар жетілуіне байланысты,балаларға берілетін тағамдардың сапасы жоғары және жақсылап майдаланған болу керек. Осыған байланысты біздің елімізде сәбилерге тағам дайындайтын жерлерде технологиялық процестің сақталуына және өндірістің санитарлық жағдайына қатаң қадағалау жүргізіледі.
Мектепке дейінгі кезең. Бұл жаста балалардың жоғарғы жүйке жүйесінде қозу процесі тежелу процесіне қарағанда басым болады .Осыған байланысты балалардың жүйке жүйесі тез шаршап,сабаққа деген қабілеті нашарлайды. Осы кезеңде балалардың сөйлеу қабілеті жақсы жетіледі де,сөйлеу мүкістіктері бар балалар анықталады. Ондай балалар арнайы ем қабылдау керек. Осы жаста балалардың музыкаға деген қабілеттілігі де айқындалады,сондықтан ондай қабілеті бар балаларды музыка мектебіне берген дұрыс.
Балалардың көру қабілеті бұл жаста жақсы жетілген,бірақ қоршаған ортаның факторларының әсеріне өте сезімтал болады.сондықтан бала бақшада сурет сабақтары,еңбек сабақтары,жазу сабақтары кезінде бөлменің жарықтануы жақсы болуы керек. Бұл жастағы балалардың 80- 85%-ында көзінің жақыннан нашар көргіштігі байқалады.
Бұл жастағы балалардың омыртқа сүйектері майысқақ және тез өзгергіш.Бұл жастағы балалар жиі мойнын ішіне тартып жүреді,өйткені оларда бүгу бұлшық еттерінің тонусы жазу бұлшық еттерінің тонусына қарағанда күштірек болады.Егер бала партада дұрыс отырмаса,ондай балалардың омыртқа сүйегі тез қисаяды.Сондықтан мектепке дейінгі жастағы балаларды партада дұрыс отыруға тәрбиелеу керек.Ол баланың жақсы тыныс алуына,қан айналымының жақсы болуына және кеуде қуысының жақсы дамуына әсер етеді.