Балалар музыкалық тэрбиесінің әдістемесі: отандық жэне шетел педагог-музыканттардың озық тәжірибесі


Оқытудың нәтижелерін бақылау мен тексеру оқыту процесінің міндетті компоненттерінің бірінен саналады



бет4/4
Дата29.11.2022
өлшемі211 Kb.
#53585
1   2   3   4

Оқытудың нәтижелерін бақылау мен тексеру оқыту процесінің міндетті компоненттерінің бірінен саналады.

  • Алдын ала тексеріс (бағалау): мұғалімнің сабақты өткізуге дайындалған жоспары, материалдары қаралады және түсіндірудің, бекітудің, оқушылардың өздік жұмыстарының тәсілдері, әдісі, формалары жөнінде әңгімелесу жүргізіледі.
  • Ағымдағы тексеріс: сабақтардың жүргізілу барысы тікелей бақыланады, оқушылардың білімі, дағдыларының денгейі, оқушылардың шығармашылық тапсырмаларды орындау сапасы тексеріледі. Бұндай тексерудің барысында окушылардың ұжымдық, топпен бірге және жеке орындайтын музыкалық іс-әрекеттері есепке алынады.
  • Қорытынды тексеріс: жарты жылдықта немесе оқу жылының аяғында оқушыларға білім мен тәрбие беру жұмыстарының нәтижелері сарапталады. Оларды сабақ-концерт түрінде өткізуге болады. Себебі музыка сабағында музыкалық іс-әрекеттер негізінен ұжымдық түрде жүзеге асырылағындықтан, тексеруді де ұжымдық формада ұйымдастыру мүмкіндіктері бар

Музыка сабағының басқа пәндермен ұқсастығы мен айырмашылық негізі.

  • Оқу жоспарында «Музыка» пәнінің басқа пәндермен, атап айтсақ «Бейнелеу өнері», «Дүниетану», «Жаратылыстану», сонымен қатар тілдік пәндермен пәнаралық байланысы қамтылған. Барлық бөлімдер бойынша дыбыстың жоғарылығын естіп қабылдау және ырғақты сезіну дағдыларына баса назар аударылады. Барлық іс-әрекет түрлері шынайы өмірмен байланысты және дағдылардың бірі тікелей практикада қолданылады, ал басқалары шығармашылық ойлау потенциалын дамытады. Әсіресе, үнемі ырғақты сезінудің сақталуына, мысалы бірдей бастау мен аяқтауға баса назар аударылады. Мұғалім оқушылардың музыкалық дағдылары даму деңгейін қалай бағалайтынын бақылайды.

Мұғалім тоқсанның/жартыжылдықтың/ оқу жылының соңында музыкалық жоба ретінде келесі іс-әрекеттерді: жеке, ансамбльмен ән салу және аспапта ойнау, оны концерттік, музыкалық қойылым және тағы басқа да формасында ұйымдастырып қолдануына болады. Тиісті терминология мен ескертулер білімді қолдау үшін үнемі пайдаланылуы тиіс. Мұғалім тапсырманы модельдеу үлгісін өзі көрсетуі маңызды. Мұғалімнің үдерістер мен әдістерді көрсетуі оқушылардың пән мазмұнын түсінуіне және ойлау қабілетін дамытуға ықпал етеді. Кезеңдерге бөліп түсіндіру, оқушыларға барынша тәуелсіз болуға және зерттеу мен маңызды шешім қабылдауға қолдау көрсетеді 

  • Мұғалім тоқсанның/жартыжылдықтың/ оқу жылының соңында музыкалық жоба ретінде келесі іс-әрекеттерді: жеке, ансамбльмен ән салу және аспапта ойнау, оны концерттік, музыкалық қойылым және тағы басқа да формасында ұйымдастырып қолдануына болады. Тиісті терминология мен ескертулер білімді қолдау үшін үнемі пайдаланылуы тиіс. Мұғалім тапсырманы модельдеу үлгісін өзі көрсетуі маңызды. Мұғалімнің үдерістер мен әдістерді көрсетуі оқушылардың пән мазмұнын түсінуіне және ойлау қабілетін дамытуға ықпал етеді. Кезеңдерге бөліп түсіндіру, оқушыларға барынша тәуелсіз болуға және зерттеу мен маңызды шешім қабылдауға қолдау көрсетеді 

Назарларыңызға рахмет



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет