Балалар музыкалық тэрбиесінің әдістемесі: отандық жэне шетел педагог-музыканттардың озық тәжірибесі



бет1/4
Дата29.11.2022
өлшемі211 Kb.
#53585
  1   2   3   4
Байланысты:
методика 3 2

Балалар музыкалық тэрбиесінің әдістемесі: отандық жэне шетел педагог-музыканттардың озық тәжірибесі

Жоспары:

  • 1.Музыка сабағының іс-әрекеттерінің түрлері.
  • 2.Музыка сабағы ұйымдастыру, оның құрылымыны мен мазмұны.
  • 3.Музыка сабағының басқа пәндермен ұқсастықтары және айырмашылықтарының негізгілері.

Музыка сабағының іс-әрекеттерінің түрлері.

  • Ән орындау. Балаларды әнді орындау ережелерімен таныстыру. Әншілер ұжымын тәрбиелеу – біркелкі дауыстардың ұласуын, мәнерлілікті қалыптастыру (унисон, фразировка, ансамбль). Дирижердың негізгі қол қимылын түсіне білу: зейін, тыныс алу, әннің басы, аяғы. Дыбысты таза, күш салмай жеңіл меццо-пиано және меццо-форте аралығында орындау. Ортаңғы дауыс диапазонын (ми-ля 1-октава) қалыптастырып, біртіндеп кеңейту. Жыл аяғында (до, ре 1-октава: до 2-октава) жеткізу. Дауыс аппаратымен дұрыс жұмыс жасау. Дауысты, дауыссыз дыбыстарды мәнерлі орындау, әннің мазмұны мен сипатын түсіну негізінде шығарманы мәнерлеп орындау (көңілді, нәзік, көңілсіз, ойнақы, т.б.). Үйретілетін әндерді және дауыс жаттығуларын сүйемелсіз орындауға дағдыландыру (капелла).Орындауға арналған әндер «Бала уату»- Қазақтың халық әні. «Бесік жыры» - Қазақтың халық әні. «Әліппе» - Б.Ғизатов. Ж.Нәжімеденов. «Менің Отаным» - Ө.Бәйділдаев. Б.Ысқақов. «Зырлайды шанамыз» - Д.Мацуцин. Қ.Ыдырысов.. «Домбырасыз сән қайда» - И.Нүсіпбаев. Х.Талғаров, «Наурыз» - Қ.Адамбалинов. Ж.Нұрқанов. . «Жаз келеді, алақай» - Қазақтың халық әні.
  • .

Музыка тыңдау. Музыка мазмұнының әр түрлілігі жөнінде қарапайым ұғым беру: табиғат көрінісі, қоршаған орта, тұрмыс-салт, төрт-түлік мал, аңыз-ертегі, балалардың халық ойындары. Музыканы сүйемелдейтін музыкалық аспаптардың дыбыс бояуын ажырату (домбыра, қобыз, фортепиано, жетіген, баян және т.б.) музыкалық шығарманы басынан аяғына дейін толығымен тыңдай білу. Музыкалық сауаттылық. Музыка сипатын анықтау: көңілді, көңілсіз, нәзік, жұмсақ,ойнақы,жай, т.б. Музыкалық қарапаиым көркемдеуші құралдарды ажырата алу; дыбыс күші – динамика (қатты, жай); дыбыс қозғалысы (бір қалыпты, секірмелі). Ән, күй, би жанрларын ажырата алу. Шығарма құрылымын білу: ән – шумақ, қайырма; музыкалық сөйлем – фраза; күйлердің төкпе және шертпеге бөлінуі. Дыбыс биіктігі – жоғары, орташа, төмен. Ұзақтығы – қысқа, ұзақ. Түрлі әуендік қозғалыс – төмен, жоғары, бір биіктікте. Ер және әйел дауыстарының дыбыс бояуын ажырата алу. Ұғымдар: халық әні, композиторлық әні, сал, сері, композитор, әнші, ақын, күйші, күйші-композитор, қазақтың халық аспаптары

  • Музыка тыңдау. Музыка мазмұнының әр түрлілігі жөнінде қарапайым ұғым беру: табиғат көрінісі, қоршаған орта, тұрмыс-салт, төрт-түлік мал, аңыз-ертегі, балалардың халық ойындары. Музыканы сүйемелдейтін музыкалық аспаптардың дыбыс бояуын ажырату (домбыра, қобыз, фортепиано, жетіген, баян және т.б.) музыкалық шығарманы басынан аяғына дейін толығымен тыңдай білу. Музыкалық сауаттылық. Музыка сипатын анықтау: көңілді, көңілсіз, нәзік, жұмсақ,ойнақы,жай, т.б. Музыкалық қарапаиым көркемдеуші құралдарды ажырата алу; дыбыс күші – динамика (қатты, жай); дыбыс қозғалысы (бір қалыпты, секірмелі). Ән, күй, би жанрларын ажырата алу. Шығарма құрылымын білу: ән – шумақ, қайырма; музыкалық сөйлем – фраза; күйлердің төкпе және шертпеге бөлінуі. Дыбыс биіктігі – жоғары, орташа, төмен. Ұзақтығы – қысқа, ұзақ. Түрлі әуендік қозғалыс – төмен, жоғары, бір биіктікте. Ер және әйел дауыстарының дыбыс бояуын ажырата алу. Ұғымдар: халық әні, композиторлық әні, сал, сері, композитор, әнші, ақын, күйші, күйші-композитор, қазақтың халық аспаптары


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет