Балалар психиатриясының негіздері


) Ойлау формасы бойынша бұзылулар



бет6/23
Дата15.05.2023
өлшемі93,16 Kb.
#93220
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23
Байланысты:
^Nметотнази Психиатрия (копия) (копия)

1) Ойлау формасы бойынша бұзылулар:


1. Қарқыны өзгеруіне байланысты:


- Ойлау жылдамдауы – оның темпінің жоғарылауымен сипатталады. Бұл кезде алаңдаушылық, зейін бұзылыстарына байланысты пікір беткей, аяқталмаған, үстірт болады. Ассоциативті қызмет жылдамдауының ең шегі идеялар секіруі – fuga idearum деп аталады. Көп сойлейді-логорея, бір әңгімесін бітірмей екіншісін бастап кете береді- идеялар секіруі, ойын тез-тез айтып тастауға тырысады, сөзін бөлу немесе назарын сөйлесушіге(дәрігерге) керек бағытқа бұру қиын.


Кездеседі:
• маниакальды синдромда
• қорқыныш, үрей кезінде
• психостимуляторлар қолданғанда, жеңіл алкогольді мастануда


- Ойлау баяулауы – ойлау қарқынының төмендеуі, тежелуі. Науқас ойлау қызметінің қиындығына, басы босап қалған сияқты, ой тоқтауына, жоғалуына шағымданады. Сөзі баяу, кедейленген, сұрақтарға жауаптары біртекті, біраз үзілістен кейін жауап береді.


Кездеседі:
• Депрессиялық психозда
• Шизофренияда
• Есеңгіреген жағдайда(сананың жеңіл түрдегі өшуінде)
• Психоорганикалық синдромда- бұл синдромда ойлау баяулауы қайтымсыз болады, себебі ол кезде психикалық үрдістің құрылымы болып табылады, жағдайы емес.
• Реактивті және басқа да психоздарда


Ұқсас тұжырымдама: брадифрения - бұл психикалық процестердің, соның ішінде қозғалыс сферасының жалпы баяулауы.
Баяу ойлауды апатияға байланысты сөйлеу өндірісінің жалпы кедейленуінен (алогия) ажырату керек (бұл жағдайда бастапқыда баяулау емес, процестердің кедейленуі болады).


2. Тереңдігі өзгеруіне байланысты:

Төмендеу: нақты ұғымдардың басым болуы, жалпы (абстрактілі) белгілерді оқшаулау қиын.


Патологиялық байымдылық – шамадан тыс егжей-тегжейлі, белгілі бір жағдайларға, бөлшектерге жабысып қалу
Конкреттік ойлау – ойлау нақты пайымдаулармен шектеледі, абстрактілі ойлау мүмкін емес.


Бұрмалануы: тым жалпы немесе құбылыстардың тек кездейсоқ жағын көрсететін абстрактілі ұғымдардың басым болуы.


Резонерлік (пікір айту) – өзінің тікелей тақырыбынан шектен тыс абстракцияланған ұзақ, дерексіз пайымдау.
Символдық ойлау сөздердің немесе оқиғалардың ерекше, абстрактылы, кейде жай ғана кездейсоқ мағынасы болып табылады. Неологизмдерменшікті жаңа сөздер: криптолалия- толық жаңа тіл пайда болуы, немесе криптография- бір авторға түсінікті шифрлық жазу жүйесі.


3. Жүйелілік өзгеруіне байланысты:

Ойлау үзілуі – сөйлемнің грамматикалық құрылымының сақталуымен түсініктер арасындағы мағыналық байланыстың болмауы(«бұзық бақта, ал Киевте – ағай»),. Мұндай жағдайда сөйлем өзінің коммуникациялық қасиетін жояды, адамдар арасындағы қарым-қатынас құралы ретіндегі қасиетін жоғалтады. Бұл шизофренияның көп жылғы үрдісінде байқалады.


• Паралогиялық ойлау («қисық логика») – пациенттің ойлауының біржақтылығы мен қиғаштығынан туындайтын, оны шындыққа қайшы келетін тұжырымдарға жетелейтін логикалық байланыстардың бұзылуы, логикалық қателер.
Ойлау байланыссыздығы (инкогерентті) – сөздер арасындағы логикалық және грамматикалық байланыстың толық болмауы. Науқастардың сөйлеуі біркелкі емес, жеке сөздердің, сонымен қатар буындар мен дыбыстардың ретсіз жинағы.
Мағыналық сырғымалар – негізгі ойды негізсіз өзгерту, екіншілік
Шперрунг («ойдың бітелуі») – ойдың кенеттен үзілуі


4. Икемділігінің өзгеруіне байланысты:

Стереотиптік ойлау – көзқарасты өзгерту, қайталау және ой тәртібін өзгерту қиындығынан көрінетін ойлау икемділігінің жалпы төмендеуі.


Ойлаудың қатаңдығы – бір ойдан екінші ойға өтуде айтарлықтай қиындықтармен ойлау, әдетте баяулаумен, тиянақтылықпен, табандылықпен үйлеседі.
«Сөйлеу стереотиптері»
Персеверация – бұрын айтылған ойға қайта оралу
Вербигерация – жеке сөздердің немесе дыбыстардың стереотиптік, жиі ырғақты қайталануы
Тұрақты айналымдар – пациенттің сөзін едәуір дәрежеде толтыратын қысқа стереотиптік өрнектер.


5. Сынилықтың өзгеруіне байланысты:

Сәбилік ойлау(инфантильді ойлау) – ересектердегі жетілмегендік ерекшеліктерімен ойлау; логикалық (рационалды) ойлауды жеткіліксіз қолданумен, интуитивті пайымдауларға сүйенумен және ойлаудың эмоциялардың бұрмалану әсеріне бейімділігімен сипатталады. Сабақтас ұғымдар: эгоисттік ойлау, магиялық ойлау.


Аутистік ойлау («шындықтан ажыраған ойлау») – өз идеяларының әлеміне ену. Дамыған абстрактілі ойлауда бұл идеялар мен шындық арасындағы сәйкессіздікке назар аударылмайды (әсіресе басқа адамдардың сезімдері мен ойларына қатысты).




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет