Корсаков амнезиялық синдромы:
1)Фиксациялық амнезия
2)Антероградты амнезия
3)Парамнезия(псевдореминесценция, конфабуляция,криптомнезия)
4)Амнезиялық дезориентация
5. Назар(зейін)
Назар(зейін) -сананың белгілі бір объектіге шоғырлануы; сыртқы және ішкі ортадан ең маңызды ақпаратты іріктеу процесі.
Сергектік күйі (сергектік) назардың қажетті негізі (ми діңінің ретикулярлық қалыптасуы).
Назардың түрлері:
1. Еріксіз – «пассивті», адамның саналы ниетіне қарамастан, зейіннің шоғырлануы әсер етуші тітіркендіргіштердің қасиеттеріне бағытталады(таламус, лимбиялық с-ма,
қабылдаушы қыртыс). Пассивті зейін филогенезі жағынан ежелгі үрдіс, ол шартсыз бағдарлық рефлекске негізделген, дерт әсеріне тұрақты болады.
2. Ерікті – «белсенді», саналы түрде бағытталған және реттелетін назар, онда адам назар аударылатын объектіні өзі таңдайды (маңдай бөліктері, алдыңғы иірілім).
Активті немесе ерікті зейін адамның саналы қызметімен байланысты, бұл адамға тән қызмет түрі; психикалық ауру кезінде тез бұзылысқа ұшырайды.
Тітіркендіргіштердің көп мөлшерінен саналы және бейсаналы түрде адам олардың ең маңыздысын таңдайды, ал қалғандарын елемейді. Егер мұндай таңдамалылық болмаса, келіп түсетін ақпараттың көлемі соншалық, оны өңдеу үшін жүйке жүйесінің ресурстары жеткіліксіз болар еді. Назармен қамтамасыз етілетін ақпаратты өңдеудің таңдамалылығы ақпаратты сырттан қабылдауда да, ойлау және қозғалыс процестерінде де көрінеді. Адамда ассоцияциялар саны көп болуы мүмкін, бірақ ол өзінің мақсатына қажетті кейбіреулеріне ғана назар аударады, ал оның ойлауына кедергі келтіретін басқаларды елемейді.
Зейін бұзылуы психикалық ауруларда кездесетін ең жиі симптом болып табылады.
Назар(зейін) патологиясы:
Назар бұзылыстарын екіге бөліп қарастыра аламыз. Олар:
сергектік күй бұзылысы (бұл жағдайда ерікті зейінмен қатар еріксіз зейін бұзылады)
ерікті зейін сипаттамаларының бұзылуы (оның таңдамалылығы, тұрақтылығы, ауыспалылығы, көлемі және т.б.).
Достарыңызбен бөлісу: |