Дидактикалық ойындардың мазмұны мыналарды қамтуы тиіс. Олар:
-дидактикалық ойындар нақты, қысқа, қызықты, тартымды болуы міндетті;
-дидактикалық ойындарға тапсырмалардың біртіндеп күрделенуі және ол ақыл-ой іс-әрекетінің тәсілдерін меңгеруге ықпал етуі қажет;
-ойыңдардағы тапсырмалардың әр түрлі тәсілдермен орындалуын қадағалау және оқытудың тәрбиелік ықпалын күшейтуге ықпал етуі керек:
-дидактикалық ойын тәрбиеленушінің жас ерекшелігіне сай, бағдарламадағы материалдарға, оның ішінде нақты сабақтың мазмұнына сай болып, тапсырманың мәнін ашу керек;
-дидактикалық ойындарда қолданылатын материалдар мен көрнекіліктер қарапайым болып, олардың жасалуы мен дайындалуы тез әрі жеңіл болуы шарт.
Тәжірибеден байқағанымыздай, дидактикалық ойындарда балалардың сөйлеу, ойлау, есте сақтау қабілеті дамиды. Бұл ойындар алған білімді бекітуге ықпал жасайды.
Дидактикалық ойындарға «Жемістер», «Жануарлар», «Қуыршақты
киіңдір», т.б., ал арнайы таңдалып алынған ойындарға («Не жоқ?», Тап», «Жоғары-төмен», «Сиқырлы саңдық», «Ғажайып қоржын» т.б.). Ойын түрлері оқушының сабақта тапсырманы орындау кезінде қызығушылығын туғызып, белсенділігін арттырады. Ойындарда викториналар, сөзжұмбақтар, жаңылтпаштар, ойлан таптар «Кім не істеді?», «Не қалай дыбыстайды?», «Қай дыбыстан басталады?» болады. Осыңдай ойындарды түрлендіріп отырудың пайдасы зор. Дыбыстарды дұрыс есту мен айтуға төселген бала дұрыс оқу мен жазуға тез бейімделеді.
Қимыл-қозғалыс ойыны белгілі бір іс-әрекеттен тұрады. Бұл ойын түрі оқушының барлық психологиялық қабілетін дамытады. Қимыл-қозғалыс ойындар өзінше баланың өмірге деген көзқарасының қалыптасуына әсерін тигізеді. Мысалы: «Кім керек?», «Мысық пен тышқан», «Сыңарыңды тап», «Көңілді поезд», «Ақ терек, көк терек», т.б.
Сюжетті-рөлді ойындарда балалар ересектердің өмірі мен іс-әрекетін қайталайды. Олардың қарым-қатынасын көрсетеді. Мысалы, «Дүкенде», «Дәрігерде», «Кітапханада», «Қонақта» және т.б. ойындарды ойнау барысында үлкендерге еліктей отырып, олар өз рөлін және ойын логикасын жасайды.
Оқу әрекетінің бала психикасының дамуына тигізетін әсері. Баланы қоғамның пайдалы іс-әрекетіне даярлап жан-жақты етіп дамыту үшін оқытудың маңызы зор. Баланың барлық психикалық дамуы үйрету, алдыңғы ұрпақтардан жинақталған тәжірибені беру арқылы жүзеге асады. Сонда да білім мен дағдының көбін бала үлкендермен тікелей қарым-қатынас жасау арқылы меңгереді. Әр жас кезеңіндегі оқыту баланың психикалық даму ерекшелігіне қарай белігілі бір бағдарлама, шағын материал негізіне сүйеніп жүргізіледі. Нәрестелік кезеңде бала күнделікті қоршаған ортадағы тіршілік жағдайымен, яғни тұрмыстық заттар мен ойыншық арқылы дүниемен танысады.
Мектепке дейінгі кезде одан да күрделене түседі, заттар мен құбылысқа
деген ықылас пайда болады. Соның негізінде баланың білімі, іскерлікті игеруге сөздік қоры, творчестволық қиялы, сезімі, теориялық ойлауы дамиды, тіпті тұрмыстағы заттармен, құрал-жабдықтармен әрекет ете білуді меңгереді және еңбек балаларды қоғамның саналы мүшесі ретінде болашақ өмірге даярлайды.
Әңгімені тыңдау, суретті қарау, үлкендер еңбегін, өз құрбысынан еңбек нәтижесін қарау негізінде түсінік алады.