Балалар сепсисі



бет5/6
Дата12.10.2022
өлшемі81,56 Kb.
#42644
1   2   3   4   5   6
Ажырату диагнозы. Сепсистің ажырату диагнозын жергілікті ауыр іріңді-қабыну ауруларымен (іріңді перитонит, іріңді медиастенит, ірінді-деструктивті пневмония, іріңді менингит, іріңді гематогенді остеомиелит «некрозды энтероколит») жүргізу керек.
Сепсисті патогенді қоздырғыштар шақыратын бактериальды инфекцияның жайылған түрлерінен мысалы, сальмонеллезді септицемия және септикопиемия, диссеминациялан-ған туберкулез, жайылған БЦЖ-ит және т.с.с ажырату керек. Олардың диагнозын дәлелдеу індетке қарсы алдын-алу шараларының сипаты мен көлемін және тағайындалатын арнамалы антибактериальді емді анықтайды.
Сепсисті вирусты инфекциялардың жайылған түрлерінен (жайылған ЦМВ, герпес-вирусы, энтеровирусты инфекция және т.с.с.) ажырату керек. Олардың диагноздары анықталған жағдайда антибиотикотерапияны арнамалы вирусқа қарсы және иммунокоррекциялаушы (қалыптастырушы) емді жүргізуге негіз болып табылады.
ЖТН мен жасы бірнеше аптаға толған балалардың сепсисін – аминқышқылдан алмасуының тұқым қуалайтын патологиясынан ажырату керек, оған ЖҚР-дың барлық белгілері тән болғанымен, бұл инфекцияға қарсы ем жүргізуге көрсеткіш болып табылмайды.
Сепсистің емі. Сепсиспен ауыратын науқасты емдеу – медицинаның бірқатар сұрақ туғызатын және шешімі қаражатты көп мөлшерде қажет ететін мәселесі болып табылады. Негізінен, емнің басты 3 бағытын анықтап көрсетуге болады – қоздырғышқа әсер ету, ағзаның иммунды жауабына әсер ету және мүшелер қызметі мен жалпы алғанда, гемеостазды қалыптастыру. Айта кету керек, әрбір бағыт медицинада өз алдына тарау болып саналады.
Дәлелді медицинаның талаптары тұрғысынан, сепсисті емдеудің айқындалған нәти-желі 2 әдісі бар – тиімді антибактериальді ем және көктамырға иммунноглобулинді енгізу.
Антибиотиктер таңдағанда бактерицдті әсері бар антибиотиктерге немесе қосарланған антибактериальды препараттарға ілтипат білдіру керек. Микрофлораның сипаты мен сезімталдығы анықталғаннан кейін, коррекцияланады: препараттарды ауыстыру, монотерапияға немесе тар спектрлі, бағытталған әсері бар препараттарға көшіріледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет