Жақсы метаболикалық бақылауға қантты төмендететін препараттарды қолданусыз қол жеткізіледі.
Диабеттің микро - жəне макроқантамырлық асқынулары жоқ.
Орташа ағымдағы қантты диабет
Гликемияны бақылау үшін, орташа ауырлықтағы қанттты төмендететін препараттар қажет.
Диабеттің өзіндік ерекшеліктерімен асқынуларының алғашқы көріністері.
Ауыр ағымдағы қантты диабет
Еңбекке қабілеттіліктің бұзылуымен қатар, диабеттің өзіндік ерекшеліктерімен асқынуларының айқын көріністері 1 типтегі ҚД құбылмалық ағымы
Қантты диабеттің ауырлық дəрежесін анықтау
Балалардағы қант диабеті болуының қауіптілік факторлары:
• қант диабетімен ауыратын аналардан туылған балалар
• ата-анасының екеуі де қант диабетімен ауыратын балалар
• вирустық жіті аурулармен жиі ауыру
• бала туылғандағы салмағы 4,5 кг артық болуы
• заттектер алмасуының басқа бұзылулары (гипотиреоз, семіздік) бар болуы
• иммунитеттің төмендеуі
• стресстік ситуациялар. Клиникалық айқындалуы: 3 негізгі клиникалық симптоммен сипатталады:
1. Полидипсия-шөлдеу.
2. Полиурия-кіші дәретке жиі отыру.
3. Полифагия-кенеттен тәбеттің ашылуы.
4. Бала тамақты жақсы ішкенімен азады.
5. Баланың терісі құрғақ, дуылдап қышиды.
6. Қан тамырларында ерте склероздық процесстер пайда болады:
А) Бас миының қан тамырларының склероздануынан бала ұмытшақ, тез шаршағыш болады.
Б) Көздің қан тамырларының склероздануынан алысттан көрушіліктің нашалуы дамиды.
В) Бүйректе-созылмалы бүйрек жетіспеушілігі дамиды.
Г) Жүректе-жүрек соғу дыбысы нашар естіледі, шекарасы ұлғайады, шу пайда болады.
Д) теріде-екі бетінің ұшы қызарады.
Е) зат алмасуының бұзылуынан-бала организмінің төзімділігі нашарлайды, сондықтан бұл балаларда терінің іріңді аурулары, өкпе қабынуы, жұқпалы аурулар жиі кездеседі.