Балалардағы қант диабетінің алдын алу



бет8/19
Дата15.05.2022
өлшемі0,81 Mb.
#34413
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   19
Гипогликемиялық кома.

Себептері: 1. Тамақпен организмге қанттардың кем түсуі.

2. Организмге инсулинді шамадан көп енгізу.

Айқындалуы: Гипогликемиялық кома кенет басталады, аузынан ацетон иісі шықпайды, терісі боз, дымқыл, демалысы жиі үстірт, баланың денесі құрысып-тырысады, тез есінен танады.

Жедел жәрдем.

1. Егер бала есінде болса оған бірнеше кесек қант, бал, тәтті шай, кәмпит беріледі.

2. Егер бала ессіз болса көк тамырына үздіксіз етіп 20-50 мл 40% глюкоза ерітіндісі құйылады.

3. Терісінің астына 0,1-1,0 мл 10% кофейн ерітіндісі егіледі.

4. Дымқылданған оттегі беріледі.

5. Бала есін жиған соң тамақтандырылады.

Балалардағы ҚД 2 СКРИНИНГі

Американдық Диабеттік Ассоциацияның (ADA) ұсыныстарына сәйкес, 2014 ауру белгілері болмаған жағдайда диабетке скринингті:


  • Артық салмағы және/немесе 2 қосымша қатер факторы
  • семіздік
  • Қант диабетімен ауыратын бірінші немесе екінші ұрпақ туысқандары, инсулинорезисторлық белгілері
  • Ана анамнезінде гестационды диабет болған жағдайда,
  • 10 жастан асқан балаларға (жыныстық жағынан ерте жетілсе, одан да жас) және жасөспірімдерге жасауға болады.
  • Егер тест нәтижелері жақсы болса, оны әр 3 жыл сайын өткізіп тұру керек.

  • Аш қарында плазма глюкозасының деңгейі келесідей көрсеткіштерге ие болса, диагноз қоюға түрткі болады:
  • 6,1 ммоль/л дейін— қалыпты мөлшер
  • 6,1-7,0 ммоль/л — аш қарында гликемияның бұзылуы;
  • 7,0 ммоль/л аса —ҚД алдын ала диагнозы, қандағы глюкозаны қайта тексеру арқылы расталу қажет.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет