Балалардағы орталық және перифириялық жүйке жүйесінің


  жас дағдарысының 7 сипаттамалары



Pdf көрінісі
бет3/5
Дата01.05.2023
өлшемі0,88 Mb.
#88708
1   2   3   4   5

жас дағдарысының 7 сипаттамалары
:
Негативизм- бала ересектер қойған талаптарға жағымсыз реакция көрсетеді. 
Негативизм таңдамалы да болуы мүмкін, ол отбасы мүшесінің біреуінің тілін ғана 
алмайды немесе бір ғана тәрбиешіні тыңдамайды, ал басқаларымен қалыпты 
қатынаста болады. Әрекеттің басты мотиві- барлығын керісінше жасау.
Қыңырлық ( упрямство)- бұл баланың өзі қалаған нәрсесін жасауға ұмытылуы. 
Өтпелі кезеңде қырсықтық ( строоптивость) көрініс беруі мүмкін. Бұл нақты бір
адамға емес, ерте балалық шақта қалыптасқан қатынастар жүйесіне бағытталған.
Дербестілік тенденциясы байқалады: бала барлығын өзі жасап өзі шешкісі келеді. 
Негізінен бұл жақсы құбылыс, дегенмен дағдарыс кезінде бұл өз еріктілікке алып
келуі мүмкін.
Наразылық – бүлікші ( қасарыспалық)- кейбір балаларда ата-аналарымен
конфликтілі жағдай жиі кездеесуі мүмкін, олар үлкендермен үнемі соғыс күйінде 
болады.
Деспотоизм ( шексіз билеушілік)- отбасында бір ғана бала болса көрініс береді. Бала 
қоршаған адамдарға өзінің билігін көрсетеді.
Бағасыздану (обесценивание)- 3 жас дағдарысының ең қызық сипаттамасы. 3 жасар
бала ұрыса бастайды, сүйікті ойыншығын лақтырып тастауы мүмкін, бұл 
құбылыстың барлығы баланың басқа адамдарға деген өзіне деген қатынасының 
өзгеруі жайында хабар береді. Бала 3 жасқа келгенде көптеген жаңа әрекеттердің түрі 
пайда бола бастайды. Осы кезде психикасы да ерекше қарқынмен дамиды. Мұндай 
жаңа әрекеттерге сәбидің ойнайтын ойынының түрленуі, сурет салуы, жапсыру, 
құрастыруы жатады. Бейнелеу әрекетінің әр түрі мен шұғылданып, қарандашпен 
қағазға өзінше жазу жазып, шимайлап, түзу таяқшалар сыза бастайды. Бұлар сурет
салу дегеннің өзі бір заттың бейнесін қағазға түсіру екенін түсінеді. Баланың 
алғашқы сурет салуы үлкендердің басшылығымен жүзеге асады.


Ерте сәбилік шақтың соңында ( 3 жасқа аяқ басқанда ) кейінірек
неғұрлым кең өркен жаятын және психикалық дамуды
анықтайтын іс-әрекеттің жаңа түрлерін игере бастайды. Бұл 
ойын және іс-әрекеттің өнімді ( сурет салу, жапсыру, құрастыру ) 
түрі.
Заттық іс-рекетінің дамуына байланысты ерте балалаық шақта 
сурет селуды игерудің алғы шарттары қалыптасады, ол мектепке
дейінгі шақта іс-әрекеттің ерекше түріне – бейнелеу іс-әрекетіне 
ауысады. Баланың бейнелеуге дейнгі кезеңнен бейнелеуге көшуі 
бірінен бірінің айқын айырмашылығы бар екі сатыға бөлінеді: 
әуелі сызықтардың кездейсоқ ұштасуынан бір затқа ұқсастық, 
сонан соң әдейі бейнелеу пайда болады.
Сәбилік шақтағы баладан графикалық бейнелерді пайдалатынын
көреміз. Мысалы,екі жасар қыз бала дөңгелетіп салған қисық 
сызықтардың бірін «апаайым», екіншісін «ағайым»,үшінісін 
«шар» деп атайды. Дегенмен де баладан күрделі графикалық 
бейнені жүзеге асыру баладан көптеген күш жұмсауды талап
етеді.


Баланың әлеуметтік-эмоционалдық дамуы өзара тығыз 
байланысты екі негізгі үдерісті қамтиды: ересектермен және 
құрдастарымен әртүрлі байланыс орнату қабілетін дамыту; 
баланың ересек адамның көмегі қажет толық тәуелділіктен 
бірте-бірте дербестікке көшуі. Жаңа туылған нәрестенің 
алғашқы әлеуметтік әрекеттері физиологиялық 
қажеттіліктерімен байланысты (тамақ, сусын, температура 
жайлылығы, қозғалыс, еш жерінің ауырмауы, жатыс-тұрысының 
жайлылығы). Бастапқыда ересекпен эмоционалдық қарым-
қатынасының арқасында баланың тілдесуге деген қажеттілігі 
туындайды, физиологиялық эмоционалдық әрекеттер бірте-
бірте әлеуметтік маңызды әрекеттерге айналады (мысалы, сәби 
ересек адам қолына алғанда, оның жылы терісімен
әрекеттеседі).


Бір айлық сәби көзін адамның бет-жүзіне бірер сәтке 
тоқтата алады, тек аяқ-қолының ғана емес, сондай-ақ, 
аузы мен көзінің қимыл-қозғалысын қысқа уақытқа 
тоқтата алады. Екі айлық сәби қозғалыстағы адамның 
бет-жүзін бақылай алады, әрі ересек адамның жылы
даусына күлімсіреу түрінде алғашқы жауабы пайда
болады. Үш айлық сәбидің әртүрлі ұнамды тысқары 
әрекеттерге әркелкі жағымды эмоционалдық 
сезімдерінің құрамдас бөліктері жиі-жиі пайда бола 
бастайды, олардың барлығы «жандану кешеніне» 
бірігеді, яғни, баланың қимыл-әрекеттері үдей түседі, 
жиі күлімсірейді, әуенді дыбыстар шығарады. Бұл 
жаста баланы кез-келген адам күлімсірете алады. 
Шешуші мәнге қозғалыстағы адам жүзінің сұлбасы 
ие. 


2,4 
және 5 айлық баланың жиі қайталанатын жайттар арасында өзара 
байланыс бар екені туралы түсінігі қалыптасады, танымдық 
сезімдері дамиды. 6 айлық балалар таныс және бейтаныс адамдарға 
әртүрлі қарайды. Бала сыртқы келбеттегі, дауыс ырғағындағы, 
дауыстағы жеке өзгешеліктерді түсіне алады. БІР ЖАС ІШІНДЕГІ 
БАЛАЛАРДЫҢ ЖҮЙКЕ- ПСИХИКАЛЫҚ ДАМУЫ 2 
ӘЛЕУМЕТТІК-ЭМОЦИОНАЛДЫҚ ДАМУБұл жаста негізгі сезім
түрлерінің түгелдей бір жүйесін көруге болады: қуаныш, реніш, 
таныс және бейтаныс адамдарға қатысты сезімдер, өкпе. 12 айлық 
балалар әртүрлі әрекеттерді игеру нәтижесінде туындайтын сан-
алуан әлеуметтік сезімдерге ие болады, сонымен қатар, ересектермен
қарым-қатынас мазмұны да өзгереді –көбінесе бірлесіп, әртүрлі 
заттармен әрекеттер жасауға бағытталған. Бала бірте-бірте мақсатты 
«
әлеуметтік ойынға» еніп, бастаманы өз қолына алады. Оны 
белсенділігі мен білімқұмарлығы, дербестікке ұмтылысы 
сезімдерінің қалыптасуына ықпал етеді.



Баланың саусақтарындағы ұсақ моторикаларды дамыту
туралы біз көп естиміз. Ал «ұсақ моторика» дегеніміз не? 
Ол моториканы дамыту не үшін керек?
Физиологиялық тұрғыдан айтқанда «ұсақ моторика» 
қолдың ұсақ бұлшық еттерінің қозғалысы. Ұсақ 
моториканы дамыту бұл ең алдымен сөйлеуді, тілді
дамыту үшін керек екен. Себебі, қолдың саусақ 
қимылдары мен сөйлеу мүшелерін бақылайтын бастағы 
ми қыртыстары бір-біріне жақын орналасқан, қолдың 
саусақтары қимылынан бастағы ми қыртысына импульс 
жіберіледі, осылайша оған жақын орналасқан сөйлеу 
аймақтары белсендендіріледі. Ғалымдардың 
дәлелдеуінше, ағзадағы барлық қозғалысқа жауап
беретін ми қыртыстарының үштен бір бөлігінің жүйке 
нүктелерінің кескіні алақан мен саусақтарда орналасқан 
екен. Сондықтан зерттеушілер алақанды екінші тіл деп
те атайды.



«Бала шыр етіп жерге
түскенде дыбыспен бірге
туады» деп Ж.Аймауытұлы 
айтқандай, дыбыспен
өмірге келген бала өмірінің 
барлық кезеңін әртүрлі 
дыбыстардың арасында
өткізеді. Сол дыбыстар
арқылы баланың ойы, тілі, 
өрісі, танымы дами
бастайды.


Бала 1-3 жас аралығында тілі шығып, тілдік қоры молайып, даму 
үстінде болады. Алғашқы кезде бала айналасындағы жақын 
адамдарына сұрақ қою арқылы өзіне ақпарат жинайды. Соның 
негізінде бала тілі дамып, сыртқа шыға бастайды. «Алғашқы кезде
сәбидің сөзі үлкендердің сөзіне аздап қана ұқсайтын болады. 
Мұндай сөзді дербес (автономиялық) сөз деп атайды. Тіпті кейде
үлкендер пайдаланбайтын сөздерді де қолданады» дейді
Ж.Қ.Дүйсенова мен Қ.Н.Нығметова. Расымен бала тілі негізінде
сөйлеу, есту мүшелеріне, ойлау, түйсіну қабілеттеріне тікелей
байланысты. Артикуляциялық мүшелері сөйлеу үдерісіне дайын
болуына дейін бірнеше кезеңнен өтеді. Сол себепті бала бірден
естіген сөзін қайталай алмайды. көбіне ата-әжесімен 
коммуникацияға түсетін балалардың тілі тез дамиды, ал 
балабақшадағы өзі сияқты тілі енді шығып келе жатқан 
балалардың арасында жүрген сәбилердің тілі баяу шыға 
бастайды. Баланың ойлау қабілетін дамыту арқылы танымы
кеңейе түседі. Таным деңгейі жоғары баланың тілі тез дамиды. 
«Баланың танымы дамыса, онда тілі де дамиды» [3,48] дейді
ғалым С.Н.Цейтлин.




Бала үлкеннің сөзін қайталап айта бастаған кезінде
көбіне фонетикалық қателіктерді жасайды. 
Сәби «сабын»сөзін «шабын» деп
немесе «шар» сөзін «сар» деуі мүмкін. Баланың 
тіліндегі ауысып отыратын дыбыстар өте көп 
кездесіп жатады: «р» мен «л» (радио –


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет