Балалардағы орталық және перифириялық жүйке жүйесінің



Pdf көрінісі
бет1/5
Дата01.05.2023
өлшемі0,88 Mb.
#88708
  1   2   3   4   5


Балалардағы орталық және перифириялық жүйке жүйесінің 
анатомо-физиологиялық ерекшеліктері. Жаңа туған балалардың 
рефлекстері. Статика, моториканың даму этаптары. Сөйлеудің, 
эмоцияның, қарым қатынасқа түсудің дамуы.
Орындаған: Жумамурат А.Б. 
Топ:319 ЖМ
Қабылдаған:
Астана 2018ж.


Жоспары:

Кіріспе
II 
Негізгі бөлім

Жүйке-жүйесінің дамуы

Нәрестелердегі жүйке-жүйесінің ерекшеліктері

Жаңа туған балалардың рефлекстері

Нәресте сөйлеуінің дамуы
III 
Қорытынды
IV 
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі


Жүйке жүйесi бiр жақтан 
физиологиялық және зат
алмасушылық процесстерiнің 
үйлесуін, екiншiден –ағзаның 
қоршаған ортамен байланысын
қамтамасыз етеді.


Жүйке жүйесi жатыр iшiлiк кезеңiнiң 1-i 
жұмасында пайда болады. Туғаннан кейін бас 
мидың қалыптасуына байланысты күрделi 
процессi аяқталмайды. Жаңа туған баланың 
бас миының айырмашылығы - ол шартты
түрiнде iрi, iрi салалары және қатпарлары 
жақсы дамыған, бiрақта олардың тереңдiгi мен 
биiктiгi шамалы. Ұсақ қатпарлары туғаннан 
кейiн қана пайда болады. Жаңа туған бала 
миының сұр заты ақ затынан нашар бөлiнген. 
Барлық жүйке жасушалары бiр бiрiне жақын, 
үстiрт, олар мидың ақ затында да орналасқан.


Жаңа туған бала миының 
салмағы дене салмағынан 
шартты түрде көбірек. Ми 
салмағын дене салмағымен 
салыстырғанда – дене
салмағының бір
килограмына 1/8 – 1/9-і 
болады, бір жасар балада
1/11-1/12, 5 
жасар балада
1/13-1/14, 
ересек адамда
1/40. 
Тоғыз айда бас мидың 
салмағы екi есе, үш жаста -
үш есе көбейедi.


Баланың бас миы қан тамырларға, әсіресе 
капиллярларға өте бай, капиллярлар туғаннан 
кейiн де дами бередi. Осыған байланысты
балалар бас миының қанмен қамтамасыз етуі
ересектермен салыстырғанда, жоғарылау. 
Жүйке жүйесiне көп мөлшерде оттегi де керек. 
Сондықтан, мидың оттегіге қажеттілігі 
бұлшық еттерге қарағанда жиырма есе көп.
Бала ауырса, баланың миында көп мөлшерде 
улы заттар жиналып, зат алмасуды бұзады. 
Осы себептен жас балаларда инфекциялық 
аурулардың токсикалық түрлерi жиі кездеседі. 
Гематоэнцефалды кедергiнiң өткiзгiштiгi де 
осы жағдайды шиеленістіреді. 


Баланың жұлыны туар кезде бас миіның дамуымен
салыстырғанда, жақсы дамыған. Мойынның және белдің жуан
жерлерi тек үш жастан кейiн пайда болады. Жұлын салмағы он 
айда екi есе көбейедi, үш-бес жас аралығында үш есе көбейедi. 
Жұлын ұзындығы 7-10 жасқа таман екi есе өседі, он жастан
кейiн мидың өсуi баяуланады да, жұлынның төменгi шегi
жоғарылайды. Мидың ликворы мөлдiр. Ол бұлдыр болса - бала 
iрiңдi менингитпен ауырғаны, ал қан аралас болса - мидың 
затына қан құйылған туралы ойлануға болады.



Баланың дүниеге келуі – күрт өзгеріс болып табылады. 
Біршама тұрақты ортадағы тіршіліктен (ана организмдегі) ол
кенеттен жиі өзгеріп тұратын сан алуан тітіркендіргіштерге
толы, ауалы ортадағы мүлдем жағдайға, яғни бұрынғы 
дәрменсіз тірі жан дәрежесінен ақыл – есті адам болып өсетің 
дүниеге шығады. Жаңа туған бала (туған сәттен 1-2 айға 
дейін).Өмірге бала шыр етіп келетіні белгілі. Бірақта, 
баланың дүниеге келуіндегі шыр етіп қалуын әр түрлі 
пікірлермен ғалымдар түсіндіргісі келеді. Мәселен З.Фрейд 
жарық дүниеге келген баланың шыр ете қалуын ана
организмінен бөлінген сәтте болатын қамыға жылауы деп
есептеді. Фрейд бойынша, осы сәттен бастап баланың 
инстинктік қажеттіліктері мен қоғамдағы өмір талаптары
арасында тұрақты қақтығыс пайда болады. Фрейд бұл 
қақтығыстың психикалық өмірді қандай үздіксіз драмаға 
айналдыратын пессимистік тұрғыда суреттейді



Шартты рефлекс
Зерттеулер көрсеткендей, баланың туа біткен аздаған реакцияларының 
жиынтығында сыртқы тітіркендіргіштерге көптеген рефлекстер бар, 
олардың негізінде ештеңе дамымайды. Бұл – баланың хайуанаттардың арғы 
атасынан тұқым қуалайтын атавизимдік рефлекстер. Жоғарыда аталған туа
біткен рефлекстердің ішінде жармасу рефлексі мен еңбектеу рефлексі
осыған жатады. Бұл рефлекстерге тән қозғалыс түрлері бара – бара
жойылады. Жармасу рефлексі жұдырық түйген кезде алақанның 
тітіркенуінен пайда болады. Баланың психикалық дамуына сыртқы 
дүниемен өзара әсер теу қабілетін дамытуға қажетті қозғалыстарды жармасу
қимылдары негізінде емес, саусақтардың тітіркенуінен пайда болатын
қармау негізінде басталады. Жармасу рефлексі бала қарамауға үйренуден 
бұрын жойылады. Табанмен тіреп еңбектеу рефлексі де кеңістікте өздігінен 
қозғалуды дамытудың негізі болып есептелмейді. Зерттеулер нағыз еңбектеу 
аяқпен итеруден емес, қолдың қозғалысыныан басталатынын көрсетті: бала 
көңілі ауған нәрсеге ұмтылады, қолын «кезек қозғап», алға жылжиды.
Қармау мен еңбектеу туған күннен бастап емес, одан едәуір кейін, 
үлкендердің осы қимылдары үйретуімен, жаттықтырумен қалыптасады.
Сонымен, бала хайуанаттар төліне қарағанда, әлдеқайда туа біткен
мінез-құлық формаларымен аз қаруланған. Балада адамға тән мінез-құлық 
формалары әлі де қалыптаспауы тиіс.



Әуелi шартты
рефлекстердің пайда болуы
өте қиын, бiрақта екінші-
үшінші өмiр айынан кейін
олар тездеу пайда болады. 
Бала алты айға толғаннан 
кейін шартты рефлекстер
барлық сезім мүшелерінің 
дамуына байланысты пайда
бола бастайды (есту, көру, 
дәм айыру, иіс тану, түйсіну 
сияқты рефлекстер).


Шартсыз рефлекс
Баланың жаңа жағдайдағы өмірін оның бойына туа біткен
механизмдер қамтамасыз етеді. Оларда әлі де болса
жетекші іс-әрекеттер жоқ. Шартсыз рефлекстер баланың 
дамуындағы алғы шарты. Оның түрлері:
қорғаныс рефлекстері – олар тітіркендіргіштен
қашықтауға немесе оның әрекетін шектеуге бағытталған.
(көзін жыпылдату, түшкіру, жөтелу).
бағдарлау рефлексі – басқа тітіркендіргіштерге жанасу
реакциясынан көреміз. (қатты тітіркендіргішке басын
бұру).
тамақтану рефлексі – бала тітіркендіргіш жаққа басын
бұрып, ауызын ашады. (ему, сору, жұту).
-
қимыл – қозғалыс рефлексі – баланың алақанына бірдеңе 
тиіп кетсе жармасу реакциясын тудырады. (жармасу, жүзу, 
еңбектеу).



Бала туғанда үш түрлі шартсыз рефлекстермен туады, олар:

-
тұрақты, өмiр бойы болатын автоматизмдер;

-
туғаннан кейiн жойылатын; өтпелi (транзиторлы) 
рефлекстер,

-
туғаннан кейiн пайда болмай, өсе келе дамитын
рефлекстер.
Бiрiншi топ рефлекстерiне жататын рефлекстер: мүйiзгек 
рефлексi, конъюнктивтiк рефлексi, жұтыну рефлексi, 
орбикулопальпебралді рефлекс, аяқ-қолдың сiңiрлiк рефлексi. 
Осы шартсыз рефлекстердің негізінде қоршаған орта әсеріне 
байланысты шартты рефлекстер пайда бола бастайды
.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет