Соматикалық психикалық ауруларды емдеу.
Көптеген жағдайларда ауру адамдарды психиатрия-лық ауруханаларға ауыстырудың қажеті жоқ. Мүндай ауруларды емдеу медициналық әр салалы ауруханалар-да өткізілуі қажет. Емдеуге аурудың түріне байланысты негізгі дәрігер мен психиатр бірге қатынасуы керек. Ауруы қозған адам жеке бөлмеге орналастырылып, тәулік бойынша бақылауда болады. Соматикалық ауру адамдарға психофармакотерапия заттарын бергенде олардың сезімталдығын, парадоксальды реакциясының болуын еске сақтап, препараттар жеке бастың ерекше-лігіне байланысты берілуі керек. Психиатриялық емдеу мен соматикалық емдеу қатар жүргізілуі қажет. Маза-сызданып, пснхикалық зорланған кезде аз мелшерде бензодиазепиндер беріледі. Бір ретте элениумның 0,01, седуксеннің —0,01, реланиумның —0,01, феназепамның — 0,001—0,0005 беріледі. Невроз тәрізді жағдайларда бұл препараттарға организм жылдам үйренетіндіктен, олар-ды 7—10 күн ішінде кезек-кезек қабылдайды.
Ұйқы бұзылған кезде аз мөлшерде (0,012—0,006 мг) бір рет берілетін тизерцин (левомепрамазин) жақсы әсер етеді. Бірақ бұл мелшерде де ортостатикальгқ жағ-дайлар болып, қан қысымы темендейді.
Айқын депрессияда тәулігіне 2—3 рет 0,025 мгами-триптилин беріледі. Бірак глаукомада, простата ©сіп кеткен жағдайда, қуық ауырғанда бұл препаратты бе-руге болмайды. Бұл жағдайда тәулігіне 2—3 рет 0,025— 0,05 мг пиразидол беру керек. Невроз тәрізді жағдайда жұмсақ нейролептиктер пайдаланылады. Тәулігіне 5— 60 мг терален диэнцефальды, вегетативті бұзылуларға жеңіл седативті, әсер етеді. Меллерилді (сонапакс) тәулігіне 5—40 мг беру жеңіл антидепрессивті және ты-ныштандыратын әсер етіп, сейлеу мен қозғалуға жеңіл ықпал етеді.
Тәулігіне 5—15 мг френолон астеноабуликалық, ас-теноипохондриялық жағдайларда қолданылады. Ол қа-рын мен ішек секрециясына ұнамды әсер етеді.
Қозғалысы күрт қозған кезде, әсіресе сананың бұ-зылуында бұлшықетке бір мезгіл 10 мг диазепам (се-дуксен, реланиум), бір мезгіл 0,025 мг тизерцин, бір мез-гіл 0,025 мг аминазин жіберіледі. Аминазин мен тизер-цинді енгізгенде артериялық қысымды қадағалау керек (коллапс болуы мүмкін). Қажет болған жағдайда бұл препараттарды жүрек пен қан тамырларына әсер ететін кордиаминмен бірге беру керек.
Астениялық, астеноневротикалық, астеноипохондрия-лық бұзылуларда, әсіресе органикалық психосиндром білінген кезде пирацетам (ноотропил), аминалон (гам-малон), перидитол (энцефабол) сияқты ноотроптық пре-параттар қолданылады.
Нейролептиктер мен транквилизаторлар барбитурат-тармен және наркотиктермен (морфин, промедол) бірге сыйыспайды.
Психотикалық емес соматогенді бұзылуларды емдеуде әртүрлі вариантты психотерапияның атқаратын ролі зор.
Достарыңызбен бөлісу: |