5-лекция.
Балалар сана-сезіміндегі кейбір ауытқулар.
(1 сағат)
Жоспары:
Ес және оның бұзылуы.
Зейін процесінің бұзылуы.
3. Эмоцияның және қозғалыстың бұзылуы.
Лекцияның мәтіні:
Ес (память)— құбылыстарды есте қалдыру, сақтау және еске түсіру қабілеті.
Естің физиологиялық негізі — шартты рефлекстер пайда болуда. Шартты рефлекстік байланыс заттардын сыртқы, кездейсоқ белгілеріне пайда болады. Мысалы, оқушы берілген тапсырманы маңызы жағынан емес, сөздердің дауыстық ұқсастығы жағынан, оқулықтың қай жерінде екенін есіне сақтайды. Мұндай ес механикалық болып саналады. Айтылғаннан айырықша сөздік-логикалық ес бар. Бұл жағдайда құбылыстардың негізгі белгілері әсерінен шартты байланыстар пайда болады. Мысалы, оқушы өткен материалдың қай бетте екенін емес маңызы жағынан есіне сақтайды. Сөздік-логикалық ес тұрақты болады.
Адамның кергенінің, естігенінің, зерттегенінің кебі есте қалмайды. Кеп рет қайталанған құбылыстар есте қалады. Ұмыту шартты рефлекстік байланыстардың етуімен байланысты. Қайталау, жаттығу материалдарды есте сақтап қалуға көмектеседі. Алынған білімді сақтауда іздік реакциялардың маңызы зор.
Механикалық пен сөздік-логикалықтан басқа да естің түрлері бар (қозғалыстық, эмоциональдық, ерікті және еріксіз). Естің күрделі түрі — музыкалық ес.
Есі жақсы адам кеп біледі, оның интеллектік деңгейі жоғары болады. Бірақ бұл міндетті түрде емес. Ақылы кем адамдардың механикалық есі, кейбір олигофрендердің музыкалық есі жақсы болуы мүмкін. Есі нашар кісі ғылымда үлкен жетістіктерге жетуі мүмкін.
Ес назармен тығыз байланысты. Патологияда жиі кездесетін естің нашарлауын гипомнезия дейді. Ол дені сау адамның қартайған кезінде болады. Бұл құбылыс керісінше өтеді, алдымен кейінгі әсерлер, артынан бұрынғы әсерлер ұмытылады. Кейінгі әсерлердің ұмытылуы заңды түрде ететінін француз психологы Рибо анықтады.
Қартаюға байланысты естің нашарлауынан басқа (гипомнезия), әр түрлі органикалық негізді ауруларда да осындай өзгеріс болады (церебросклероз, кәрілік, зақымдану, мерез ауруларында, жүрекке операция жасағаннан кейін). Кейде ес уақытша нашарлайды. Мысалы неврастенияда.
Естің патологиялық күшеюі — гипермнезия сирек кездеседі. Гипермнезия жұқпалы аурулармен, желікпемен ауырғанда жиі болады. Гипермнезияның феноменальды (таңқаларлық) естен айырмасы бар. Феноменальды ес физиологиялық құбылыс болғандықтан адамның өмір бойына тән. Гипермнезия — ауырған кездегі жағдай да, сауыққанда жойылады. Амнезия — бір мерзімінің, оқиғалардың толығынан естен шығуы. Антероградтьщ ам-незияда ауырғаннан соңғы оқиғалар естен шығады. Мысалы, миы зақымданған адам өзінің не болғанын, ауруханаға қашан түскенін білмейді. Ретроградтық амнезияда ауырғанға дейінгі оқиғалар естен шығады. Амнезияның бұл түрі антероградтық сияқты толық не жартылай аздап болады. Мысалы, ауру өзінің білгең шет тілін ұмытып қалуы мүмкін. Ал өзінің өткен өйірін ұмытып қалуы сирек кездеседі. Ретро — антероградтьщ ес на-шарлауының аралас түрі жиі кездеседі. Амнезияның әр түрі зақымдайғанда, иіс-газымен уланғанда, кәрілік атеросклерозда, ақылдың кемістігінде кездеседі.
Парамнезия — естің алдануы. Бұған конфабуляция жатады. Бұл өмірдің ұмытылған кезеңдерінің орнын ойдан шығарып толтыру. Үзақ уақыт психиатриялық ауруханада болған ауру дәрігерге кеше үйде болғанын, ас дайындағанын, балаларды қарағанын айтады. Ол айтылған әрекеттерді бұрын жасауы мүмкін, бірақ кеше емес. Бұл мысалда оқиғалар уақыт бойынша жылжиды. Кейбіреулер бұны псевдореминисценция дейді. Кейде ауру таңқаларлық оқиғаларды айтады. Мысалы, «Марста болдым», «марсиандар — көгілдір адамдар». Бұл қияли конф.абуляциялар. Ауру адамдар өздерінің айтқандарын шын деп санайды.
Кейде криптомнезия құбылысы кездеседі. Оқыған, естіген және түсте көрген оқиғаларды ауру өмірде болған деп есіне түсіреді. Мысалы, кітаптан оқылған қызық окиғаны, жаңалықты ауру өзімен байланыстырады. Мұндай жағдайда әр түрлі сенімсіздік және біреудің еңбегін пайдалану туралы (плагиат) айтылуы мүмкін.
Кейде адам өз еңбегінде жазылғанды ұмытып, осы жазылғандарды басқанікі деп санайды.
Балалар есінің бұзылу ерекшеліктері. Балалар есінің төмендеуі неғұрлым ертерек басталса, соғұрлым олардың білім жинақтауы артта қалады. Осыған байланысты олардың интеллекті дамымайды. Ересек адамдардың есі нашарлағанда білімнің жиналуы тоқталады. Ал, жас балаларда басынан бастап білім алу нашарлап, туысымен пайда болатын ақылдың кемістігіне ұқсас болады. Балалар есінің патологиялық жағдайда күшеюі де мүмкін. Мысалы, бірқалыпты дамымаған кезде, дамудын бір кезеңінде бала жылдам өсіп, ал екінші кезеңінде өсу баяулайды не тоқталады. Оларда қыяли конфабуляциялар да болуы мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: |