Балалардың қабылдауы, оның бұзылу ерекшеліктері


Қояншық ауруындағы жіті психикалық бұзылулар



бет43/63
Дата06.01.2022
өлшемі161,69 Kb.
#13555
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   63
Байланысты:
Конспектілер Психология

Қояншық ауруындағы жіті психикалық бұзылулар.

Ешбір сыртқы себепсіз кенеттен пайда болып, тырысу-лардың эквиваленті ретінде күшті психикалық бұзылу-лардың болуы. Мұндағы клиникалық суреттер әр түрлі.



Сананың қарауытып бұзылуы. Бұл кенеттен пайда болып, қысқа ағымды (бірнеше сағат және күндер) -бір-ден аяқталатын сананың терең бұзылуы, оның екі түрі бар. 1. Сананың елестеушілік — сандырцқ бүзылуында ауру адам қайда екенін, қанша уақыт болғанын, айна-ладағылардың кім екенін білмейді. Бұл кезде көру, есі-ту елестеушіліктерін сандырақ түрінде бағалайды. Ау-рудың осы мезеттегі қайғылары қорқынышты . болады. Олар ұрыс майданын көріп, зәресі ұшады, өліктерді, оттарды көріп, біреу қуғандай, өлетіндей болып сезіне-ді. Ауру мазасызданып, қозып, жалған куғыншылардан кашып, айғайлап, не оларға шабуыл жасайды. Мұндай адамдар айналадағыларға қауіпті. Аурудың ұстамасы кенеттен аяқталып, кейін болған жағдайды ұмытып қа-лады.

2. Амбулаторлық автоматизмдер. Бұлар кенеттен басталып, бірнеше сағат не күннің ішінде бірден аяқ-талады. Мұнда елестеушілік пен сандырақ болмайды. Сананың терең бұзылуына қарамай ауру адамның жү

томатизмнің бірнеше түрлері болады.

Транс—ауру адамдар билет сатып алып қаланың басқа шетіне не басқа қалаға кетіп қалып, есін жиған-нан кейін қалай келгенін білмейтің амбулаторлық ав-томатизмдер. Бұл бірнеше сағат не күндерге созылады.

Сомнамбулизм (ұйқысырап жүруі) балалар мен жасөспірімдерде жиі кездеседі. Ауру түннің ортасында тұрып, белменің ішінде жүріп, сыртқа шығып, үйдің шатыры мен балконына шығады. Бірнеше минуттан не сағаттан соң олар қайтып орнына жатады, таңертең не болғанын есінен шығарады. Оларды сырткы әсерлер-мен бұл жағдайдан шығару мүмкін емес.

Балалардағы сананың бұзылуы әсіресе тундегі үрей ретінде болады. Түнде оянып, бала айналадағыларға көңіл аудармай айқайлауы мүмкін, онан соң қайтадан ұйықтап, таңертең ештеңені есінде сақтамайды.

Психикалық пароксизмалар деп аталатын «ерекше жағдайларда» ауру адам «өзінің көргенінен» не «еш-қашанда көрмегенінен» қапаланады. Бұл жағдайларда қаланың таныс жерлері бөтен, ешқашанда көрмеген болып, таныс емес көшелер, орындар, бұрыннан біле-тіндей болып қабылданады.

Қояншық ауруындағы қатты психикалық бұзылу-лардың бірі — дисфория ешбір себепсіз болатын сағы-ныш-ызалы көңіл-күйі. Ауру адамдар көңілсіз, бәрін де жаратпай, ашуланшақ, кейде төбелес бастайды. Мұндай жағдайлар бірнеше сағат не бірнеше күндерге созылып, кенеттен аяқталады. Мұнда сананың бұзылуы болмай-ды, сондықтан адам бәрін есінде сақтайды. Дисфория-ның жиілігі әртүрлі: тәулігіне бірнеше рет не бірнеше айда бір рет. Қейде ауру бұл күндерді «қаралы» деп атайды.

Қояншық ауруының күшті түрінде психикалық бұзы-лулардан бұрын аурудың тырыспасы ұстайды. Тырыс-па өз бетімен де пайда болады. Қейбір ауруларда ауру-дың күшті тырыспасы психикалық пароксизмалармен кезектесуі де мүмкін. Аурулардың кейбірінде қояншық ұстамасы тырыспасыз болып, тек психикалық бұзылу-лар не психомоторлық пароксизмалар орын алады. Қояншық ауруының мұндай түрі ауруды пайда қыла-тын себептің мидың самай бөлігінде орналасқанын көр-сетеді. Сондықтан- қояншық ауруының бұл түрі «самай-лык» деп аталады. Қояншық ауруындағы психикалық қызметтің хро-никалық өзгерістері ол ұзақ уақытқа созылғанда бола-ды. Мұндай өзгерістерде аурудың мінез-кұлқы, ойлауы өзгеріп, біртіндеп ақыл кемістігі дамиды. Ақыл кеміс-тігінің клиникалық суретінің айқындығы сондай, ауру-дың ұстамасы бар екенін білмей тұра, оның диагнозын қоюға болады.

Қояншық ауруымен ауыратын адамға әсіресе ой-лаудың толықтығы тән (әңгімесінде толықтық, зорға жылжу бар). Ауру адам бір мәселенің айналасында тоқырап бір тақырыптан екіншіге көше алмайды, егжей-тегжейді тәптіштеп, болмашы заттарға түп-түгел тоқта-лады. Ол басты мөселені болмашы мәселеден ажырата алмайды. Мұны түзеу мүмкін емес. Интеллект пен ес, тапқырлық төмендейді. Осындай ауру адамдарға та-куалылық, аса ұсақтылық, асқан дәлдік, ұқыптылық пен мұқияттылық ете тән нәрселер. Мысалы, оның ха-тындағы әріптер ұқыптылықпен жазылып, төсегі мұ-қият жиылады. Ауру адамдар ашуланшак, кісіге сен-бейтін, шағым айтуды жақсы көріп, айналадағылардан зәбір мен қыспақ көргенін айтады. Өзі және заттары туралы қамқорлық, ұсақ сараңдық — мұның барлығы кояншық ауруымен ауырған адамның психикасындағы касиеттер. Мұндай адамдарға екі жүзділік, жылмаң-дық, жарамсактық, діншілдік, мистицизм тән. Сондықтан олардың психикасында «екі жүзділік» бар. Сол себептен олар туралы «қалтасында құраны, қойнында тасы бар адам» дейді. Олар баяу сөйлейді, кейде іздеген сөзін таба алмайды (олигофазия), сөздерінде сырбаздылық, . кішірейтілген, мейірімді сөздер көп кездеседі (ағатай, докторжан). Бірақ олар сәл-пәл қарсы айтқанда қатты ашуланып, агрессивті болады. Аурудың қимылы жай, кейде кібіртіктеп қалады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   63




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет