Дене шынықтыру «Шынығамыз»
Шаршасаңдар, балалар,
Қолдарыңды созыңдар.
Саусақтармен ойнаңдар,
Қолдарыңды сермеңдер.
Денелерiң шынықсын,
Саналарың тынықсын.
|
«Секіреміз топ-топ»
Секіреміз топ-топ,
Шапалақтап көп-көп.
Иiлемiз оңға қарай бiр,екi,үш,
Иiлемiз солға қарай бiр,екi,үш.
|
Балалардың үйіне қайтуы
|
Балалардың жетістіктері туралы әңгімелесу, ата-аналардың балаларды тәрбиелеу мен дамыту бойынша сұрақтарына жауап беру, кеңес беру.
|
Тәрбиелеу - білім беру процесінің циклограммасы
Білім беру ұйымы МКҚК №102 «Балапан» балабақшасы
Топ «Ботақан» ерте жас тобы
Балалардың жасы 1-2 жас
Жоспардың құрылу кезеңі
Күн тәртібінің үлгісі
|
Дүйсенбі
|
Сейсенбі
|
Сәрсенбі
|
Бейсенбі
|
Жұма
|
Балаларды қабылдау
|
Таңертең балалармен амандасып, топқа кіргізу.
Тыныс алу жаттығуы
Ішке тартып ауаны,
Деміңді алшы тереңнен.
Денсаулықтың жауабы,
Қайталасаң менімен.
Көркем әдебиет
Музыка
|
Балаларды топта жақсы қабылдап, амандасу.
«Түлкі мен қоян»
Түлкі қатты жортады,
«Аб-абтан» ол қорқады.
«Көлеңкемнен кетем» - деп,
Қоян зытты секеңдеп.
Көркем әдебиет
Дене шынықтыру
|
Балаларды жақсы көңіл -күймен қабылдап, бүгінгі көңіл-күйлерін сұрау.
«Саусақ жаттығуы»
Бас бармағым – алғашқы,
Балаң үйрек – жалғасы.
Ортан терек – ағасы,
Шылдыр шүмек – нағашы,
Кішкентай бөбек – балақан,
Бәріне ортақ – алақан.
Сөйлеуді дамыту
Қоршаған ортамен таныстыру
|
Балаларды жақсы көңіл –күймен қабылдап, бүгінгі көңіл-күйлерін сұрау.
Тыныс алу жаттығуы
Демді ішке тартайық
Енді «Ү-п» деп айтайық.
Демді шығар қайтарып.
Музыка
|
Балаларды жақсы көңіл –күймен қабылдап, бүгінгі көңіл-күйлерін сұрау.
Балаларға тақпақты қайталату арқылы қимылдар жасау.
«Бес саусақ» жаттығуы
Бір үйде біз нешеуміз?
Кел санайық, екеуміз.
Бас бармағым - папам,
Балаң үйрек - апам.
Ортан терек - ағам
Шылдыр шүмек - мен
Титтей бөбек - сен.
Бір үйде біз нешеуміз?
Бір үйде біз бесеуміз.
Қоршаған ортамен таныстыру
|
Ата-аналармен әңгімелесу, кеңес беру
|
Ата-аналармен бала денсаулығы, баланың үйдегі күн тәртібі, жетістіктері туралы әңгімелесу, баланы дамыту мен тәрбиелеу мәселелері бойынша (жыл мезгіліне байланысты балаларды киіндіру) кеңес беру.
|
Балалардың дербес іс-әрекеті (баяу қимылды ойындар, үстел үсті ойындары, бейнелеу әрекеті, кітаптар қарау және тағы басқа іс-әрекеттер)
|
Қимыл-қозғалыс ойыны: «Әтеш айқасы»
Мақсаты: Белсенді қимыл қызметіне қызығушылығын, жалпы төзімділігін, жылдамдық, пәрменділік қасиеттеріне тәрбиелеу.
|
Достарыңызбен бөлісу: |