Балалардың дербес іс-әрекеті (баяу қимылды ойындар, үстел үсті ойындары, бейнелеу әрекеті, кітаптар қарау және тағы басқа іс-әрекеттер)
Сөйлеуді дамыту «Ажарлы қыс» ертегі
Мақсаты: Тақырыпты суретпен жұмыс жасай отырып түсіндіру.
Мүсіндеу «Түлкі»
Мақсаты: Балаларға ермексазды пайдаланып отырып түлкіні мүсіндеп үйрету. Ертегімен таныстыру. Сопақша пішінге келтіріп, бұрыштарын қырлауды ермексаздан мүсіндеуге үйрету.
Қоршаған ортамен таныстыру «Үй жануарлары қалай дыбыстайды?»
Мақсаты: Балаларға үй жануарлары туралы түсінік беру. Сурет бойынша жұмыс жасау.
Адамгершілікке тәрбиелеу.
Үстел үсті, саусақ және т.б.ойындар. Қимылды ойын: «Кім жылдам?» Мақсаты: Ептілікке, шапшаңдыққа баулу. Балалардың бойындағы зейінділік,
сезімталдық қабілеттерін дамыту.