Көркем сөз «Бата» Дастарқаныңа береке берсін!
Бастарыңа мереке берсін!
Астарыңа адалдық берсін!
Бастарыңа амандық берсін! Әумин
Жуынатын бөлмедегі тәртіп пен тазалық.
Көркем сөз Қолымызды жуамыз,
Асханаға барамыз
Асханаға барған соң
Тамақ ішіп аламыз.
Кезекшілердің еңбек әрекеті (ас ішу құралдарын, майлықтарды үстелге қою)
Жегеніміз нан болсын!
Айтарымыз ән болсын!
Тамақ берген апайға,
Айтарымыз оң болсын!
Әумин!
Мәдени-гигиеналық дағдылар, өзіне-өзі қызмет ету.
Нан туралы тақпақ Нан қиқымын шашпаңдар,
Жерде жатса баспаңдар
Теріп алып, қастерлеп
Торғайларға тастаңдар!
Тамақтану (өз орнын білу, дұрыс отыру, ас ішу құралдарын дұрыс ұстау, тамақтану мәдениетін қалыптастыру,тамақ ішкенде сөйлемеу, тамақтанып болғаннан кейін алғыс айту)
Балалар әсерлерімен бөлісу, жаңалықтарды білу, бірлескен жоспарларды, мәселелерді талқылау,
Сурет салу «Құмыра»
Мақсаты: Құмыра туралы түсінік беру. Құмырамен таныстыру.
Сөйлеуді дамыту Көркем әдебиет Ертегі сахналау «Құмырсқа»
Мақсаты: Баланың қиялын дамыту,өз ойларынан ертегі құрастыру
Сурет салу «Қар кесегі»
Мақсаты: Қарлар туралы түсінік беру.
Эстетикалық талғамдарын дамыту, тиянақтылық пен ұқыптылыққа тәрбиелеу.