Балалардың жасы 5 жас Жоспардың құрылу кезеңі



бет46/50
Дата25.12.2023
өлшемі2,37 Mb.
#143205
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   50
Байланысты:
Желтоқсан айы

Дене шынықтыру
Міндеті: Қимылдардың ырғағын музыкалық сүйемелдеумен үйлестіру
Мақсаты Баланың кинестикалық (көру мен тыңдау арқылы қабылдауы) қабілеттерін дамыту
I.«Қарда жүргіш мәшие»: бір тізбекпен жүреді.
«Орман тұрғындары» жаттығулары: тізбекпен қоян, қасқыр, түлкінің жүрістерін салып жүреді.
II.ЖДЖ ойын түрінде («орман алаңқайында жылынамыз»)
«Артымнан қайтала». Педагог жаттығуларды көрсетеді.
Балалар жаттығуларды педагогтің көрсеткеніндей орындауға тырысады. Тыныс алу гимнастикасы: «Жел».
•Қолды төмен түсіріп, аяқты алшақ қойып, мұрынмен дем алу.
•Басты солға бұрып, ерінді жиырып алдыға шығарып үрлеу.
•Басты түзу ұстап, дем алу, басты оңға бұрып, демді шығару.
•Басты түзу ұстап, мұрын арқылы дем алу, ерінді жиырып алдыға шығарып үрлеу.
•Басты төмен түсіріп, иекті кеудеге тигізу, дем шығару (қол білезіктерін айналдыру).

Музыка
Міндеті: -Би қимылдарын: қосалқы және ауыспалы қадам жасауды, әртүрлі бағытта жүгіруді және секіруді меңгеру
Мақсаты: Музыкалық тіркестерге сәйкес қимылдарды өзгерту, жылдамдық пен ептілікті білдіру.
Музыка тыңдау:
«Қыс» (А. Вивальди, үнтаспадан)
Ән айту:
«Ақша қар» (К. Қуатбаев)
«Ақша қар» (Е. Өміров)
Музыкалық-ырғақтық қимылдар:
«Шеңберге тұр» (Л. Бетховен)
Билер:
«Ұлпақарлар биі» («Вальс» П. Чайковский үнтаспада,
«Билеп үйренейік» жинағынан)
Ойындар, хороводтар:
«Жылдам құрастыр»
Музыкалық аспапта ойнау:
«Полька» (А. Филиппенко)

Дене шынықтыру
Міндеті: Түзу бағытта адымдап жүру
Мақсаты 2.5 м арақашықтықта бір-біріне доп лақтырып, доптың ұшуын бақылауға, ұшып келе жатқан допты қолды бүккен күйде қағып алуға үйрету.
Бөрене үстінде төрттағандап еңбектеуге үйретуді жалғастыру, қол мен аяқты үйлестіріп қозғай білу шеберліктерін (машықтарын) дамыту. «Сілеусін» – бөренеден түсу
Бөренеден асықпай, сақтықпен түседі. Бір-біріне кедергі келтірмеуге тырысады. (4 рет)



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   50




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет