Балалардың жасы 5 жас Жоспардың құрылу кезеңі


Шығармашылық бейнелеу әрекеті



бет32/50
Дата25.12.2023
өлшемі2,37 Mb.
#143205
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   50
Байланысты:
Желтоқсан айы

Шығармашылық бейнелеу әрекеті
Міндеті: - Балаларға мерекелердің мәнін түсіндіру, өз жұмысының нәтижесін бағалу
-Мүсіндеудің әртүрлі әдістерін қолдану: құрылымдық (жеке бөліктерден) және мүсіндік (негізгі бөліктерді тұтас кесектен жасау
-- Сюжеттік композициялар жасау, оларды сәнді бөлшектермен толықтыру, жеке және топпен бірлесіп жасау, онда міндеттерді келісіп атқару
-- Пішіндердің түрлі қалыптарын бере білуді, оларды күрделі емес композицияларға біріктіруді қалыптастыру
Жаңажылмерекесітуралытүсініктерін арттыру
- Біртекті заттардан сюжеттер құру, бірнеше пішінді бір тұғырға орналастыру
-- сюжеттік композициялар жасайды, оларды сәнді бөлшектермен толықтырады
- Сюжеттік композициялар жасау, оларды сәнді бөлшектермен толықтыру, жеке және топпен бірлесіп жасау ( кірікт. 16.12)
Мақсаты:- Жаңа жыл мерекесі туралы түсінік беру, қиялдау, елестету дағдыларын дамыту
Топтық жұмыс




Үзіліс: .




Психологиялық ойын:
Ойын: «Тыныштықты жақсы көретін патша» 
Мақсаты: Өзін - өзі одан әрі ашу, өзін - өзі тану, өзінің және айналасындағылардың психологиялық мінездемесін анықтау және талдау іскерлігін дамыту.
Ойын шарты:
Патша шуды жек көреді, сондықтан ханзаданың көңіл - күйін бұзбау үшін барлығымыз шуламай тыныш қозғаламыз. Патша аяқтың ұшымен жүреді, оның жүрісі жеңіл, баяу. Бұл ролді бір бала атқарады.
Жүргізуші келесі сөзді айтады: «Барлық балалар, патшадан басқа бөлменің әр жеріне тұра қалады. Патша саусағын ауызына тигізіп, «Ш - ш - ш, ханзада келе жатыр!» деп, бөлмені аралай бастайды. Барлығы «қатып» қалу керек, ал патша әрқайсысын айналып шығады. Кез келген баланың қасына келіп, саусағын баланың мұрнына тигізеді. Сол бала аяқтың ұшымен патшаның артынан жүре бастайды. Келесі балаға жақындаған патша саусағын баланың мұрнына тигізеді, ол бірінші баланың соңына тұрып, аяқтың ұшымен патшаның артынан жүре бастайды. Сол тәртіппен ойын жалғаса береді. Барлық балалар патшаның артына жиналғаннан кейін, патша кез келген артындағы балаға қарап, «Ш - ш - ш» дейді, сонда сол бала өз орнына тыныш, аяқ ұшымен оралады. Барлығы орнына тұрғаннан кейін ойын аяқталады.
"Қисық сурет" атты суретті жаттығу өткізіліп, оң және сол жарты шарлар басымдылығын анықтауға арналған қысқаша тест, сонымен қатар оптимистік бағдарды анықтауға арналған сауалнама алынды.




Аз қимылды ойын:
Ойын: «Қуғыншыдан құтқару» 
Мақсаты: балаларға тез бұлтарып жүгіру тәсілдерін меңгерту. 
Ойын шарты:
Мазмұны: Алаңда үлкен шеңбер немесе төртбұрыш сызылып, ойнайтын жер алдын ала дайындалады. Ойыншылардың арасынан санамақ арқылы бір «қуғыншы» сайланады. Ойын алаңнан шықпай, ішінде жүріп ойналады. 
Мұғалімнің «Қуғыншы табылды!» деген белгісінен кейін сайланған бала қолын жоғары көтеріп: «Мен қуңыншы»! – деп айқайлайды да, балаларды қуа жөнеледі. 
Қуғыншының қолы тиген ойыншы қолын жоғары көтеріп , қуғыншы болғанын білдіреді де, ойынды әрі қарай жалғастырады. 
Бірақ ойыншылар қуғыншыдан бір-бірін құтқаруларына болады. Ол үшін : қашып келе жатқан ойыншы мен қуғыншы екеуінің арасынан кесіп жүгіріп өтсе; 
Қашып келе жатқан ойыншыға қол тигізсе; 
Қашып келе жатқан ойыншымен қол алысса, онда қуғыншы сол ойыншыны қуады. 
Ойынның ережесі:
1. Қуғыншы қолын көтеріп: «Мен қуғыншы» деп басқаларға ескерткеннен кейін ғана ойыншыларды ұстауына болады. 
2. Ойын алаңынан шығып кеткен ойыншы ойыннан шығады. 
Әдістемелік нұсқаулар. 
Бүл ойынды ұйымдастыру үшін алаңды дұрыс таңдаған жөн. Ойыншылар жүгірген кезде бір-біріне немесе басқа заттарға соғылып қалмау үшін қадағалау керек. 
Ойын қызықты өтуі үшін ойынныі мазмұнына әртүрлі қосымша тапсырмалар енгізуге болады. 
Бір ойында бір қуғыншы ғана емес, бірнеше қуғыншы сайлауға болады. 
Ойынның педагогикалық маңызы. 
Ойынның педагогикалық маңызы өте зор. Ойыншылар жолдастықты іс жүзінде көрсете алады. Достары көп болғанның пайдасын көреді.Қауіптен қорықпай, қиыншылыққа қарсы тұруға дағдыланады. 
Ойын барысында ойыншылар жүгіру жаттығуларын орындау тәсілдерін жетілдіреді. Өз қимыл –қозғалысын өзгелермен үйлестіруге үіренеді. Шапшаң, епті қимылдауға жаттығады. 









Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   50




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет