Балалардың жасы 5 жас Жоспардың құрылу кезеңі



бет2/50
Дата25.12.2023
өлшемі2,37 Mb.
#143205
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   50
Байланысты:
Желтоқсан айы

Сауат ашу негіздері
Міндеті: Буындардан сөздер құрастыруға (ауызша) үйрету
Мақсаты сөзді буынға бөле алу дағдыларын бекіту
«Жұп құр» ойын-жаттығуы
Педагог тақтаға шеңбер бойымен бір дыбыстан басталатын екі суреттен тақтаға іліп шығады, балаларға екі бірдей дыбыстан басталатын суреттерді қосуға тапсырма беріледі.
Педагог тапсырманы орындау үшін, балаларды кезекпен тақтаға шығарады.
Мысалы: алма-алмұрт, қызанақ-қызылша, етік-емізік, тақия-тарақ, от-орындық,
керует-күрек, сағат-сағыз, қоян-қоңыз, ит-ине

Сауат ашу негіздері
Міндеті: Берілген буынға сөз құрай алу дағдыларын жетілдіру
Мақсаты сөзді буынға бөле алу дағдыларын бекіту


«Буынды айтып сөз құра» дидакикалық ойыны
Ойын шарты: педагог айтқан буынға балалар сөз құрап айтады.
Мысалы: На... , та... , қа..., жа..., ал..., мон..., ке..., те..., шал...,қар..., қа..., пи.., бə...

Сауат ашу негіздері
Міндеті: Кері іс-əрекетті айт» ойыны арқылы сөйлем құрату арқылы шығармашылықпен ойлауларын дамыту
Мақсаты сөзді буынға бөле алу дағдыларын бекіту

1. Суретте бейнеленген заттарды ата. Сөзде қанша дыбыс болса, сонша дөңгелек сал.


2. Сөздерді буынға бөл. Бір буынды сөзді бір терезелі, екі буынды сөзді екі терезелі, үш
буынды сөзді үш терезелі үймен сəйкестендір.
Педагог суреттерді буынның санына қарай өз үйшіктеріне қосуға тапсырма береді,
неше буыннан тұрса, сонша терезелі үйге қосу қажет

Көркем әдебиет
Міндеті: - Өлеңді жатқа, мәнерлеп, интонациямен айту
Мақсаты əдеби шығармадағы қоғамдық өмір оқиғалары туралы түсінігін дамыту
Өлең қалай аталады?
– Авторы кім?
– Сендерге өлең ұнады ма?
– Өлеңде не туралы айтылған?
– Еліміздің қандай рəміздері бар?
– «Тəуелсіздік» деген сөзді қалай түсінесің?
«Тəуелсіз Қазақстан» өлеңін мəнерлеп қайталап оқиды.
– Өлеңнің бірінші жолы қалай басталады?
Педагог сөйлемнің басын оқып, балалар жалғастыратын əдісті пайдаланады. Өлеңді
эмоциямен 2-3 рет қайталайды. 3-4 бала өлеңді жатқа айтады




Үзіліс : «Әуедегі атыс»      






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   50




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет