Балаларға Тәуелсіздік мерекесі туралы түсінік беру



бет2/2
Дата10.12.2023
өлшемі201,28 Kb.
#135554
1   2
«Сұрақ –жауап» 
-Біз қай ұлттың өкіліміз? (Біз қазақ ұлтының өкіліміз)
— Балалар, біздің республикамыз қалай аталады? (Біздің республикамыз
Қазақстан Республикасы деп аталады)
-Біздің Қазақстан Республикасының Президенті кім? (Біздің
Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев).
-Біздің бас қаламыз қай қала? (Біздің бас қаламыз Астана қаласы)
-Біз қай облыста тұрамыз? ? (Маңғыстау обл)
— Біз қай қалада тұрамыз? (БізАқтау қаласында тұрамыз)
-ҚР қандай мемлекет?
Тұғырлы Туымызды сипаттау:
Балалар мынау ҚР-ның мемлекеттік туы.Туымыздың түсі көк.Көк түс бірлік пен ашық аспанды көрсетеді.Туымыздың ортасында сәуле шашқан күнбейнесі орналасқан.Ол тыныштықпен байлықтың белгісі. Күн астында қалықтап ұшқан қыран құс бейнесі орналақсқан.Ол еркіндіктің,қазақ халқының жан дүниесінің белгісі.Туымыздың сабы бекітілгентұсында қазақтыңұлттық ою-өрнегімен көмкерілген. Бұл ою-өрнек қазақ халқының қол өнер шебер болғанын білдіреді.
Тудың авторы-Шәкен Оңдасынұлы Ниязбеков.

Тапсырмасы


Топқа бөлініп тапсырмаларды орындау

Асқақтаған Әнұранды сипаттау:


Кез келген мемлекеттік рәміздердің ең бастысы-Әнұран. Әнұран мемлекеттің салтанатты әні
Әнұранды түргеліп,жүректің тұсына қолдарын қойып айтады.Бұл өз мемлекетіне деген құрметті көрсетеді.
Әнұранның авторы:Шәмші Қалдаяқов,сөзін жазғандар: Жұмекен Нажмеденов,НұрсұлтанНазарбаев.

Тапсырмасы ән айту


«Тәуелсіз елдің ұланы» әнін орындайық.
Рәміздер туралы тақпақтар айту:
Айнымайды аспаннан
Біздің тудың бояуы
Оны халық қашанда
Аспанға іліп қояды
Елтаңбасы елімнің
Неткен әйбат,әдемі
Тұнығындай көңілдің
Ортада аспан әлемі

Әнұраны елімнің


Шақырады бірлікке
Егеменді халқымның
Болашағы бірлікте

Балалар , көрдіңдер ме, Біздің елге, жерге деген құрметімізді, сендер келешекте мықты азамат боласыңдар. Біз сендер сенеміз.


Балаларды мадақтау.

Мақал – мәтелдер:


«Туған елдей ел болмас,
Туған жердей жер болмас.»
«Отан –отбасынан басталады».
«Отан –отбасынан басталады» мақалының мағынасын ашу.
«Отан –біздің отбасымыз, үйіміз, балабақшамыз, туған жеріміз, қаламыз, еліміз»
«Отан» сөзіне талдау жасау
— «Отан» сөзі қай дыбыстан басталады? (Одыбысынан басталады)
О— дауысты дыбыс
Т— дауыссыз дыбыс
А— дауысты дыбыс
Н— дауыссыз дыбыс
Сергіту сәті:





Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет