2. Мектепке дейінгі ұйымдарда бейнелеу өнерінде шығармашылық қабілеттерін дамыту технологиясы
2.1 Бейнелеу тапсырмаларын шешу теориясы- БТШТ (ТРИЗ)
Бейнелеу тапсырмаларды шешу теориясы – бұл балалардың қиялын байқағыштығын барынша ерте дамыту тәрбие жұмыстың болатынын түсінген ғалымдардың символы. Бейнелеу тапсырмаларды шешу теориясының басқа әдістемелермен теориялардың басты айырмашылығы жекелеген тәжірибелер мен тәсілдердің әрекеттердің жинағы емес, көптеген міндеттерді шешуге ықпал ететін әдісті жасаудың әрекеті.
Бейнелеу тапсырмаларды шешу теориясының негізін 1945 жылы Генрих Саулович Альтшуллер қалаған болатын. Бейнелеу тапсырмаларды шешу теориясы - тұнғыш рет балабақшаға 1987 жылы күзде келді. Бұл Находка қаласында болған еді. Оның өзі кездейсоқтың жемісі болатын. Инженер техник қызметкерлер үшін бейнелеу тапсырмаларды шешу теориясы бойынша жүргізілген семинардың жетекшілермен мектеп оқушылармен сабақ жүргізумен сұралған болатын. Бірақ оны ұйымдастыруда қателік жіберіп, Бейнелеу тапсырмаларды шешу теорияшылықтарды балабақшаның дайындық тобына әкеледі. Мектеп жасына дейінгі кездесу Бейнелеу тапсырмаларды шешу теориясын барынша жасатты, оның жаңаша жұмыс істеуіне негіз қалады.
Бейнелеу тапсырмаларды шешу теориясы сабақтарының барлығы да музыкалық, тіл дамыту сабақтарымен қатар, кешенді түрде жүргізіледі. Сабақ жүргізу принціпі қарапайымнан күрделіге қарай ауысады. Сабақ жүргізу кезінде төмендегі ережелерді атқару керек.
- бала бейнелеу материалдарын – қарындашты, тушты, гуащты, көмірді, пластелинді желімді т.б. таңдау мүмкіндігі иеленуі керек.
- материал баланың қолы жететін жерде тұрғаны жөн;
- бейне түсетін материалды да баланың өзі таңдағаны жөн. Бұл ақ қағаз түрлі түсті түкті қағаз, картон, фанер, шыны, фольга болуы мүмкін. Олардың түрімен өлшемі әр алуан болғаны дұрыс;
- баланы сурет салудың алуан түрлі техникасына үйрету керек.
Іс-әрекеттің табысты болуы үшін жұмыстың төмендегідей жоспары ұсынылады:
Санадағы ұғымның түрін өзгертуге, басқа бейнеде елестетуге, оларды қиылыстыра пайдалануға үйрету және осының негізінде мүмкіндігінше жаңа образдармен жағдайлар қалыптастыруға баулу.
Оқиғаны оның даму реттілігі бойынша елестетуге, олардың жекелеген бөлшектерінің бір-біріне тәуелділігін орнықтыруға үйрету;
Бейнелеу жағдайына «кіруге» үйрету;
Бейнені жүзеге асыру үшін тиісті бейнелеу – айқындау құралдарын пайдалануға үйрету;
Кейіпкерлерге қиял-ғажайып сипаттағы ерекшеліктер беру;
Белгілі ертегі кейіпкерлеріне оларға мүлде тән емес қасиеттер беру;
Бейнелерді музыка көркем сөз бейнелеу құралдары арқылы қабылдауға үйрету;
Заттардың белгілі бір қасиеттерін қабылдауды, ерекшелей білуді дамыту, оларды белгілері бойынша жинақтап, және қаншалықты ерекшеліктерін анықтау.
Қоршаған өмірдегі заттармен құбылыстар туралы түсінікті кеңейту.
Суреттерді талдау және живописке деген ынта мен құштарлыққа тәрбиелеу.
Балалардың көркем шығармашылық қабілеттерін, түсті, ырғақты, түрді сезінуін дамыту.
Суретті пайдалана отырып, диалогтік және монологты сөйлеуді жетілдіру.
кеңістік туралы түсінікті орнықтыру және кеңейту.
Суретті дербес құрастыруға үйрету.
Жекелеген суреттер бойынша немесе үлкен қағаздың бетіне сурет сала отырып бір ертегінің мазмұнын сипаттауды құрастыруға үйрету.
Бейнелеу тапсырмаларды шешу теориясында бейнелеу техникасының төмендегідей түрлері пайдаланылады.
Достарыңызбен бөлісу: |