Баланың жеке тұлға ретінде қалыптасуы сәби кезінен басталады. Ол үшін балаға барлық жағдай жасалуы керек. Өмірге келген әрбір бала бақытты болуы тиіс. Бұл-баланың басты құқығы. Балалар-еліміздің бүгіні мен ертеңі


Балауызды кетіру. Шайқап жуып, таза суға салып қайнатып, балауызын кетіріп, судан шығады, сонда матаның бетінен ақ, көгі айқын өрнектер анық көрінеді



бет6/11
Дата14.02.2023
өлшемі50,21 Kb.
#67803
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

Балауызды кетіру. Шайқап жуып, таза суға салып қайнатып, балауызын кетіріп, судан шығады, сонда матаның бетінен ақ, көгі айқын өрнектер анық көрінеді.

Бояулы балауыз өрнегін салудың екі түрлі әдісі бар: бірі, әуелі ақ матаның бетіне түсті сұлба сызып, оны «Балауызбен бекітіп» қояды. Бояғаннан кейін, онан түсті сурет айшықталады; енді бірі, балауыз кірістіріп бояп тазалап, кептіргеннен кейін, оның ақ жерлеріне түсті бояу береді. Халықтық балауыз нақышын салуда бүлдіргеннің нілімен қызыл түс, сары гардениямен сары түс береді.

Балауыз бояуының «мұз сызатты» бедерлері шыны кіреукесі сықылды «жапырақшаланып», көркемөнерлік ерен өнім береді. Сызаттың үлкен-кіші, бағдар-бағытын адам өзі меңгеріп, суреттелетін нысанды дәлме дәл бейнелейді, ерекшелігі мен мұндалап тұрды. Қабат-қабат көп түсті гүл жиектерін бояуға тура келгенде түске бөліп, балауызбен бекіту шарасын қолданса анағұрлым кемелді бейнелеуге болады. Қазіргі күнде балауыз кірістіріп бояу киім-кешек, кілем-кілше, дастарқан қатарлыларды мәнерлеуге көбірек қолданылады.


6 Ақ қағаздан ою ойып салу. Дат суретшісі әрі дизайнері Питер Каллесен жәй ақ қағаздан өнер туындысын жасап шығарады. Шебер paper art техникасына арқа сүйейді. Ол қағаздан не қатырма қағаздан әртүрлі пішіндер мен кейіпкерлердің бейнесін жасайды.
Заттандыру процесі кезінде үш өлшемді жалпақ қағаз сиқырлы күйге түседі деп ойлаймын. Бұл расында да сиқырлы күш болуы мүмкін, себебі, жұмыстың жасалу жолы түсінікті болғанымен, пішіндер негізі болмысынан қашып құтыла алмайды”, - дейді суретші.
Питер Каллесен көбіне А4 форматындағы ақ қағаздармен жұмыс жасайды. Ол әр пішінді жәй сол қалпында жасап шықпайды, әрқайсысы өзіндік ой арқалаған, үлкен ізденістен туған дүниелер. Қағаз қиял мен ой байланысының нәтижесінен өнер туындысына айналып шыға келеді. Жұқа қағаз суретшіге мүсінін әлсіз һәм қорғансыз күйде көрсетуге мәжбүрлейді.
Суретшіге неге тек ақ түсті ғана қолданасыз деген сұрақтың қойылуы заңды шығар. Бұны Питер Каллесен:“Әрине, мен түрлі-түсті суреттермен жұмыс жасай аламын, бірақ ақ түсті артығырақ көремін. Себебі, ақ түс – тазалықтың, пәктіктің, діни қасиеттіліктің белгісі”, - деп түсіндіреді. Питер қазірдің өзінде өзінің жеке көрмесін өткізіп үлгерді. Тек туған қаласы Копенгагенде емес, Лондон, Берлин, Гамбург, Сеул қалаларында жұмыстары көрсетілімге қойылды. Оның жұмыстары АҚШ мен Швецияның мұражайларында сақтаулы тұр.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет