2.2.Дәстүрден тыс сурет салу технологиясы.
Әдемілікті сезіну, шығармашылық қабілеттің қалыптасуы балалық шақтан басталады. Жас нәрестенің өзі әсемдікті ерте қабылдайды. Оның санасында жаңа қайталанбас ойдың тууына алып келеді. Барлығымыздың да балалық шағымызда суретші, мүсінші болғымыз келгені анық.
Қабырғалар мен жарларға, ағаш, құм, топырақ беттеріне, әр түрлі шытырман суреттер бейнелегендіктеріміз есімізде. Бұл бейнелеуге деген әуесқойлық біртіндеп басылады, сурет өнеріне берілген көркем шығармашыл адамдар ғана жол таңдайды. Қазіргі заманғы балабақшадағы мүмкіншіліктер шектелген оқу-тәрбие жүйесінде балалардың көркемдік тәрбиесі қалыс қалу мүмкін емес. Балалар бақшасындағы бейнелеу өнерінің түрі, мектеп жасына дейінгі балалардың еі эмоционалды, қызықты әрекет түрі. Әр түрлі көркем жабдықтарды бейнелеу техникасын қолдану балалардың мүмкіндігіндіктерін кеңейтіп, қиялын, шығармашылық қабілетін дамытады.
Қолдарына берілген түсті қарындаштар, фломастерлер мен акварель бояуларымен шимайлап суреттеген бала шаттық сезімде болады.
Бала үшін сурет салудың өзіндік пайдасы зор. Әсіресе суреттің психологиялық процестерінің дамуына тигізер көмегі көп. Ол бала зейінін тұрақтандыруға, есте сақтау қабілетін жақсартуға, ойлап талдауға, салыстыра білуге, қиялдауға үйретеді. Ең бастысы бала тілінің дамуының –басты құралы. Мектепке дейінгі ерте сәбилік шақтан бастап бала психологиясы дамытылса, тәрбиенің нәтижесі де соғұрлым нәтижесі де табысты болады. Көптеген ғалымдар сурет салу баланың сөйлеу және ойлау әрекетін дамытуға күшті ықпал ететінін айтады.
Орыс педагогі К.Д.Ушинский өз заманында, сурет бала тілін дамытудың қуатты құралы: «Ол суреттен көргені туралы сұрақ қойып, өзінің алған әсерімен бөліседі»-деп жазған.
Шығармашылық –бүкіл тіршілік көзі. Адам баласының сөйлей бастаған кезіненбастап, бүгінгі күнге дейін жетістіктері-шығармашылықтың нәтижесі. Шығармашылықты дамыту, тәрбиелеу туралы ойлар, көзқарастар ұлы ойшылдарымыздың Жүсіп Баласағұн, Әл-Фараби, Абайды ерекше толғандырған, сондықтан олар еңбектерінде адамның жеке басын, қабілеттерін дамытуды үнемі сөз етіп отырған. Көрнекті педагогтар К.Д.Ушинский, Ы.Алтынсарин, А.С.Макаренко шығармаларында қабілеттерді дамытудың жодары қарастырылса, бала шығармашылығына бағыт-бағдар беруді ең алғаш білім мазмұнына енгізген М.Жұмабаев болатын. Ұжымдық жұмыс машықтарын тәрбиелейді. Балалар тек сурет салып, мүсіндеп, жапсырып қана қоймайды, олардың тілі ұсақ-қол қимылдары да қоса жетіледі. Ал, ұсақ-қол басындағы нерв талшықтарының өз дәрежесінде дамуы, ол бала тілінің даму жолы.
Достарыңызбен бөлісу: |