«Баланың сөйлеуін қалыптастырудағы ересектердің рөлі»


БАЛАНЫҢ СӨЙЛЕУІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДАҒЫ ЕРЕСЕКТЕРДІҢ РӨЛІ



бет2/3
Дата29.12.2023
өлшемі75,7 Kb.
#144627
1   2   3
Ерте жастағы балалардың сөйлеуін дамытудың негізгі кезеңдері

БАЛАНЫҢ СӨЙЛЕУІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДАҒЫ ЕРЕСЕКТЕРДІҢ РӨЛІ


Ересектердің міндеті — бұл ерте жастағы балалардың белсенді, коммуникативтік сөйлеуін дамыту. Ол үшін баламен үнемі сөйлесіп қана қоймай, пікір алмасуға баулуымыз тиіс. Баланың өз сөзі басқаларға еліктеу арқылы дамымайды. Дамудың алғашқы кезеңдерінде баланың сөзі заттық әрекеттермен байланысты және олардан ажырамайды. Осы кезеңде бала тек қана көргенін және қазіргі әрекетін айта алады. Бір жастан бастап – сөйлеуге үйретудің дайындық кезеңінде ересек пен баланың өзара қарым-қатынасының негізгі мазмұны, эмоционалдық қарым – қатынасқа негіз болып табылады. Бала үлкендердің күлкісіне күліп жауап береді, жылы сөзге дыбыстармен жауап береді. Қарым-қатынас қажеттілігі баланың ересектермен бірлескен әрекетінің сипатына байланысты мазмұны бойынша өзгереді.

Баланың ересектермен қарым-қатынас жасау қажеттілігін дамытудың бірнеше кезеңдері бар:

  • 1.Ересектердің ықыласына және мейірімділігіне қажеттілік. Бұл баланың өмірінің алғашқы жарты жылдығындағы оның жақсы дамуына қажетті жағдай болып табылады.
  • 2. Ересекпен ынтымақтастыққа немесе қарым-қатынас жасауға қажеттілік. Қарым-қатынас қажеттілігінің мұндай мазмұны балада еркін ұстауды меңгергеннен кейін пайда болады.
  • 3. Ересектердің құрметпен қарау қажеттілігі. Ол балалардың танымдық іс-әрекеті аясында пайда болады.
  • 4. Өзара түсіністік және ересектердің жанашырлық танытуы. Екінші жартыжылдықта бала ересектермен күрделі өзара әрекетке ауысады: ол дыбыстық және үндестік екі түрлі параметрлерге бөлінеді. Екі жасқа келгенде сөз ересектермен қарым-қатынастың негізгі құралы болып табылады. Ым мен ишара бірте-бірте азая бастайды. Сөздің көмегімен өз мінез-құлқын басқару қабілеті пайда болады.

Ересектердің сөйлеу саясаты. Ересектердің сөйлеуіне ерекше талаптар қойылады. Ол дұрыс, айқын, салмақты, эмоционалды әсерлі, мәнерлі, қалыпты, мейірімді болуы керек. Баланы әрдайым мұқият және қызығушылықпен тыңдап, балаларды белгілі бір тақырыпқа сөйлесуге баули отырып, құрдастарымен және ересектермен қарым-қатынас жасауға көмектесу қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет