«Баланың сөйлеуін қалыптастырудағы ересектердің рөлі»



бет3/3
Дата29.12.2023
өлшемі75,7 Kb.
#144627
1   2   3
Балалар үшін бақылау – үлкен жаңалық, олар үшін жаңа ақпараттың қайнар көзі болып табылады. Ересек адамның көзқарасы бойынша бала ең қарапайым, елеусіз оқиғаларды үлкен ықыласпен қадағалайды. Бақылауды ұйымдастыра отырып, балаға қоршаған ортаның заттары мен құбылыстары туралы түсінікті және жан-жақты түсіндіруге болады. Сөйлеу қабілеттерінің даму деңгейіне балалардың білімді одан әрі игеруі және толыққанды дамуы тығыз байланысты. Қазіргі заманғы ата-аналар өз балаларына кітаптарды аз оқиды немесе тіпте оқымайды, диалогтық сөйлеуге тартпайды, сондықтан балалардың сөзі ерекше мәнерлігімен ерекшеленбейді, қысқа жауаптармен шектеледі.
Балалардың әрекетіне оң баға беру қажет. Сондықтан да кез-келген мардымсыз көзге көрінбейтін жетістіктердің өзін атап өту керек. Сәтсіз болған жағдайда оларға назар аудармай, мысалы: «сенің қолыңнан келеді» деп, баланы көтермелеп отыру қажет. Осылайша, балалармен сөйлесудің мақсатқа сай болуы мен ойластырылуы олардың сөздік қорын толықтыруға, белсенді сөздік қордың артуына ықпал етеді.
Ерте балалық шақ-баланың қарқынды даму кезеңі болып табылады. Осы жасқа тән маңызды жетістік ол басқаларға түсінікті және басқалармен қарымқатынас жасау және өзін басқару құралы ретінде қолданатын сөйлеуді дамыту. Ерте жастағы балалардың сөйлеуін дамытуда ойын технологияларын қолдану ересектермен ынтымақтастық пен жағымды жағдайды құру арқылы жүзеге асырылады. Ойында бала қоршаған әлем туралы білімді белсенді игеруге, сөздікті байытуға, қоғамда дұрыс мінез-құлық дағдыларын игеруге мүмкіндік алады. Сөйлеуді дамытуда ересектер балабақшада тәрбиешілер, отбасында ата - аналар мен жақындары жетекші рөл атқарады. Балалардың сөйлеуді табысты игеруі көбінесе ересектердің сөйлеу мәдениетіне, баламен тілдесуіне оған қанша көңіл бөлуіне байланысты болады. Ойын технологияларын пайдалану жеке тұлғаға бағытталған технологияларды табысты іске асыруды, баланың өзіндік сөйлеу немесе мінезқұлық іс-әрекетіне деген қажеттілігінің барынша қанағаттануын қамтамасыз етеді. Осылайша, ерте жастағы балалардың сөйлеуін түрлі ойын технологияларын пайдалана отырып, мақсатты дамыту жеңіл жүреді, ол балалардың жағымды психикалық дамуын қамтамасыз етеді.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет