Балашт ү с І п қ алие в б а л а л а р а у р у л а р ы



Pdf көрінісі
бет270/979
Дата26.09.2024
өлшемі16,27 Mb.
#145799
1   ...   266   267   268   269   270   271   272   273   ...   979
Байланысты:
Б Түсіпқалиев Балалар ауруының пропедевтикасы

Дені сау балалар бөлмесі.
Балалар емханасы құрамына дені сау балалар бөлмесі
немесе ерте жастағы балалармен алдын ала сақтаныдыру жұмысын жүргізетін бөлме
кіреді. Бұл бөлме баланың дамуы, оларды тәрбиелеу және денсаулығын қорғау жөніндегі
әдістемелік орталық. 
Бөлменің негізгі міндеттері: 

от басында салауатты тұрмысты насихаттау;

ата-анаға дені сау бала тәрбиелеу ережелерін үйрету (күн тәртібі, тамақтандыру,
массаж, гимастика, шынықтыру және т.б.);

баланың гигиеналық тәрбиесі және аурулардың, бала дамуында аутқулардың
пайда болуының алдын алу туралы ата-аналарымен санитарлық-ағарту
жұмыстарын жүргізу.
Сау бала бөлмесінде (СББ) орта буын медицина қызметкерлерінің білімін жетілдіру
курстарында балаларды алдын ала сақтандыру және халықпен санитарлық-ағарту жұмысы
бойынша дайындықтан өткен мейірбике немесе фельдшер жұмыс жасайды. СББ-нің
мейірбикесінің лауазымдық міндеттері:
1. Ерте жастағы балалардың тәрбиесі және тиімді дене мен психикалық дамуына
қолайлы жағдай жасау үшін ата-аналарға әдістемелік көмек;
2. Педиатриялық бөлімшелердегі балаларды бекітілген жастарына сәйкес уақытта
қабылдау:1-ші жылы – 1, 3, 6, 12 айларда; 2-ші жылы – тоқсан сайын; 3-ші жылы –
жарты жылда бір рет. Бұл қабылдауларда ата-аналарға баланың күн тәртібін, тиімді
тамақтануды, сылау, гимнастика әдістерін үйретеді;
3. Екі-үш жасар балалардың психикалық даму деңгейін анықтап, нәтижесін бағалайды;
4. Дәрігер тағайындауымен балаларды бақылау, тамақтануына көмектесу, Д витаминін
беру және т.б.;
5. Бекітілген уақытта СББ-ге келмеген балалар туралы дәрігерлерге мәліметтер дайындау;
6. От басында бала тәрбиесі және даму бойынша мейірбикелердің мамандығын жетілдіру
шараларына қатысу;
7. Дәрігердің шешіміне сәйкес, педагог мамандарыдың кеңесі қажет балаларға,
педагогтың қабылдауын жоспарлау;
8. Қажет жұмыс құжаттарын жүргізіп, тиісті формаларға сәйкес жылдық жоспар жасау;
9. Дені сау бала тәрбиесі және дамуы жөнінде көрнекі құралдар дайындау;
10. СББ негізінде жас ата-ана мектебін ашып, жұмысын ұйымдастыру.
2-ші жылы сәбилерді бөлімшелік педиатр әрбір тоқсанда бір рет (антропометриялық
өлшеумен), дене және невртік-психикалық даму деңгейін бағалап, баланың денсаулығы
туралы қортынды жасайды. Бұл қортынды ата-анасына жеткізіліп, тәрбие
жетіспеушіліктерін көрсетіп, сауықтыру және тәрбиелеу бойынша кеңес береді. 
3-ші жылға қарағанда, педиатр алдын-алу мақсатымен жарты жылда 1 рет қарайды.
Бұл кезде күн тәртібіне, шынықтыру шараларына, тиімді тамақтандыруға, қимыл-
283


қозғалысын дамытуға, нервтік-психикалық және дамуына ерекше көңіл аудару керек.
Жылына екі рет сәбилердің антропометриялық өлшеулерін жүргізеді.
3-ші жылдың аяғында, бала дамуының ең бір маңызды кезеңі аяқталар кезде (ерте
жас кезеңі) дәрігер 3 жылдық алдын-ала сауықтыру жұмысының қортындысын жасап,
оның денсаулығын, нервтік-психикалық даму деңгейін бағалайды. Баланың денсаулығына
барлық бар мәліметтер негізінде қортынды жасап, сауықтыру жоспарын жасалып, қажет
болса, емдеу жоспары жасалады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   266   267   268   269   270   271   272   273   ...   979




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет