4 айдан 6 айға дейінгі жауапты кезеңдері: тамақты дұрыс бермеу (4, 5 айға дейін),
қосымша тамақ беру (6 айдан соң), алдын-ала егулер. Сәбиді жасына сәйкес
тамақтандыруы және жасына сәйкес ерекшеліктерін қамтамасыз етуді қажет етеді.
1 айдан 9 айға дейін сәбилер жаңа әдет үйренеді, айналасындағылармен қатынасы
кеңейеді. Осы кезде ауа-тамшы жолымен берілетін респираторлы инфекциямен және
қатынас жолымен ауыр ішек инфекцияларымен, жарақаттармен жиі ауырады. Сондықтан,
олардан сақтандыруға ерекше көңіл аудару керек.
2-3 жастағы баланы бақылау.
2-ші жылға қарағанда, сәбилермен алдын-ала
сақтандыру жұмысын жүргізудің маңызы ерекше зор. Көрнекті орында дене шынықтыру
алады. Дәрігер педиатр анасына шынықтыру әдістерін, жаттығулар жиынтығын, күн
тәртібін, жасына сәйкес тиімді тамақтандыру ережелерін дұрыстап түсіндіріп тұрады.
Мейірбике дәрігер тағайындауларының орындалуын қадағалап, анасына үйге келгенде
немесе емханаға қатынасқанда, оның әдістерін үйретіп отырады. Бұл жерде дені сау
балалар бөлмесінің алар орны ерекше.
Достарыңызбен бөлісу: