Балашт ү с І п қ алие в б а л а л а р а у р у л а р ы


ЖАҢА ТУҒАН НӘРЕСТЕЛЕР АУРУЛАРЫ



Pdf көрінісі
бет332/979
Дата26.09.2024
өлшемі16,27 Mb.
#145799
1   ...   328   329   330   331   332   333   334   335   ...   979
Байланысты:
Б Түсіпқалиев Балалар ауруының пропедевтикасы

2.4. ЖАҢА ТУҒАН НӘРЕСТЕЛЕР АУРУЛАРЫ
2.4.1. ЖТН АСФИКСИЯСЫ.
ЖТН асфиксиясы. 
Қазіргі уақытта ЖТН асфиксиясы деп, жүрек соғысы бар кезде
тыныс алудың болмауын немесе құрыспалы, тұрақты емес, беткей тыныс алуды
айтады
.
Асфиксия төмендегідей болып бөлінеді:
1. Ұрық гипоксиясы, ол антенатальды және интранатальды болып бөлінеді;
2. ЖТН асфиксиясы.
Құрсақішілік асфиксияның негізінде қанайналым бұзылысы жатыр, ал, ЖТН
асфиксиясының негізінде – тыныс бұзылысы жатыр, ол құрсақішілік қанайналым
бұзылысы нәтижесінде дамиды.
Сонымен қатар, ЖТН асфиксиясы біріншілік, ол кезде туылған нәресте кіндігі
кесілгеннен кейін, өздігінен тыныс алмайды, және екіншілік – нәресте өмірінің келесі
сағаттары мен күндерінде кездеседі.
345


ЖТН-ң жедел асфиксиясына әкелетін 5 негізгі механизмін бөледі:
1. кіндік арқылы қан ағуының бұзылуы (шынайы кіндік түйіндері, олардың қысылуы,
баланың мойнына немесе денесінің басқа жерлеріне кіндік бауының тығыз оралып
қалуы);
2. плацента арқылы газ алмасудың бұзылысы (уақытынан бұрын плацентаның толық
және жартылай ажырауы, плацентаның дұрыс орналаспауы және т.б.);
3. плацентаның аналық бөлігінде қанайналым бұзылысы (шектен тыс белсенді толғақ,
артериальды гипотензия немесе анасындағы кез келген этиологиялы гипертензия);
4. анасының қанының оттегімен қанығуының нашарлауы (анемия, жүрек-қан тамыр
аурулуры, тыныс жетіспеушілігі);
5. ЖТН құрсақтан тыс тыныс әрекетінің жетіспеушілігі (анасына дәрі-дәрмектік емнің
әсері, ұрық миының антенатальды зақымдалуы, өкпенің туа пайда болған даму
ақаулары және т.б.);
Екіншілік гипоксия аспирация, пневмопатия, бас миының және жұлынның туу
жарақаттары, туа пайда болған жүректің, өкпенің, мидың даму ақаулары салдарынан
дамуы мүмкін.
Нәтижесінде, асфиксия – бұл тұншығу, әртүрлі себептермен шақырылған жедел
дамитын патологиялық процесс, оның негізінде – қанда және тіндерде оттегінің
жетіспеушілігі (гипоксемия, гипоксия), сонымен қатар, организмде көмірқышқыл газының
(гиперкапния) және зат алмасудың басқа қышқылды өнімдерінің жиналуы жатыр, ол
нәтижесінде метаболикалық ацидозға әкеледі. Қанайналыста жүретін зат алмасудың
қышқылданбаған өнімдері клеткалардағы биохимиялық процесстерді тежейді және тіндік
гипоксияны шақырады; организм клеткалары оттегіні жұту қабілетін жоғалтады.
Патологиялық ацидоз тамыр қабырғасының және клетка мембранасының өткізгіштігін
жоғарылатады, нәтижесінде қанайналым бұзылысына, қанның ұю процессінің
нашарлауына және әртүрлі органдарда қан құйылуларға әкеледі. Тамырлар тонусын
жоғалтады да, қанға толады, қанның сұйық бөлігі айналадағы тіндерге шығады, содан соң,
барлық мүшелер мен жүйелер клеткаларында дистрофиялық өзгерістер мен ісік дамиды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   328   329   330   331   332   333   334   335   ...   979




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет