Балашт ү с І п қ алие в б а л а л а р а у р у л а р ы



Pdf көрінісі
бет334/979
Дата26.09.2024
өлшемі16,27 Mb.
#145799
1   ...   330   331   332   333   334   335   336   337   ...   979
Байланысты:
Б Түсіпқалиев Балалар ауруының пропедевтикасы

І сатысы 
баланың басы шыққан соң немесе бала туылғаннан кейін
бірден ауыз қуысындағы сұйықтықты катетермен сорып алудан басталады. Қазіргі кезде
бұл манипуляция тек қажет болғанда ғана, жеке көрсеткіш бойынша жүргізіледі. Егер
ауызжұтқыншақтан сұйықтық сорылған соң бала тыныс алмаса, нәзік, бірақ белсенді
тактильді стимуляция жүргізіледі – баланың табанын соғу керек немесе арқасын ысқылау
керек. Баланы стерильді жылытылған жаялыққа орап алады, сосын жедел түрде
реанимациялық үстелге сәулелі жылу көзінің астына ауыстырады. Жатқызу кезінде
баланың басы аздап төмен орналасуы керек (шамамен 15º). Баланың терісіндегі құрсақ
маңы суын, кілегейді, кейде анасының қанын жылы жаялықпен сүртеді. Ауыр асфиксия
кезінде құрсақ маңы суы немесе ауызжұтқыншақта меконий анықталса, жедел түрде
интубация жүргізіледі, соңынан тыныс жолдары санацияланады. Күні жетіп туылған бала
анасынан туған соң бірден ажыратылады, ал шала туған бала 1минуттан соң
347


ажыратылады. Реанимацияның І сатысының соңында баланың тынысын бағалайды (І
сатының ұзақтығы 20-25 секундтан аспайды). Тыныс дұрыс болса, жүректің соғу жиілігі
минутына 100 реттен жоғары болса және аздаған тері акроцианозы анықталғанда
реанимациялық шаралар тоқтатылады, балаға бақылау ұйымдастырылады. Мүмкіндік
болған жағдайда баланы ана сүтімен тамақтандыруды ерте бастаған жөн.
Егер ЖСЖ минутына 100 реттен аз болса, сыртқы тынысты қалыптастыруға
бағытталған реанимацияның
ІІ сатысына
көшеді. Шаралар тыныс қапшығы және
масканың көмегімен өкпені желдендіруден басталады. Тыныс жиілігі минутына 30-50 рет.
Жиі 60% оттегілі-ауалы қоспа (шала туылған балаларда – 40%) қолданылады. Кеуде
клеткасының жақсы экскурсиясы альвеолалардың жеткілікті желдетілгенін дәлелдейді,
сонымен қатар, тыныс жолдары өткізгіштігінің маңызды бұзылыстарының жоқ екенін
көрсетеді. Қапшықпен және маскамен желдетуден әсер болмаса, мекониймен
аспирациялануға күдік туса, ЖСЖ минутына 80 реттен аз болса және тыныс жолдарына
бақылауды және жүрекке сыртқы массажды қажет етсе, ол эндотрахеальды интубацияға
көрсеткіш болып табылады. Өкпені жасанды желдендірумен қатар, көктамыр ішіне
налорфин мен этимизол енгізу арқылы тынысты қалыптастырады. ӨЖЖ басталғаннан
кейін 20-30 секундтан соң міндетті түрде жүректің соғу жиілігін есептейді, егер ол
минутына 80-100 рет болса, онда өкпені жасанды желдендіруді жүректің соғу жиілігі
минутына 100 ретке дейін жоғарылағанша жүргізе береді.
Егер ЖСЖ минутына 80 реттен төмен болса, онда реанимацияның


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   330   331   332   333   334   335   336   337   ...   979




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет