Байланысты: Б Түсіпқалиев Балалар ауруының пропедевтикасы
7. Әлеуметтік жағымсыз отбасының балалары қауіпті тобы (7-ші қауіпті топ). Бұл топтағы балалармен жұмыс 15 жасқа толғанша, яғни терапиялық торапқа
ауыстырылғанша жүргізіледі. Бұл топта әлеуметтік жағымсыз отбасыларының барлық
балалары қарастырылады: тұрғын мекені және отбасылық жағдайы қанағаттанарлықсыз
балалар, толық емес және көп балалы отбасылары, психологиялық климаты нашар
отбасылары, жағымсыз дағдылары бар ата-аналардың балалары, балаларға қатыгез
қарайтын отбасылары.
Мейірбике мен дәрігердің қатынауы тиісті мерзімдерде жүргізіледі.
Антенатальды кезеңдегі алдын алу шаралары қамтиды: 1. Гипогалактияны және
аурудың қаупін болжау. 2. Қауіпті түрткілердің баланың денсаулығына әсері туралы және
санитарлық-ағарту жұмыстарын жүргізу. 3. Отбасыларымен жұмыс жасауға санитарлық
белсенділерді, қоғамдық мекемелерді, құқық сақтау органдарын жұмылдыру.
Бір жасқа дейін мамандардың бірігіп жұмыс жасау жоспарының ерекшелігі жоқ. Бір
жаста баланы хирург, окулист, ЛОР, невролог қарау керек. 3 және 5 жаста – хирургке, ЛОР-
ға, окулистке көрінулері керек. 7 жастан бастап мейірбике апта сайын милық дисфунция
баланың қан қысымын өлшеу керек. Мейірбике бұл топтағы балалармен жұмыс жасағанда
психикалық депривация, минимальды ми дисфункциясы, невротизация, психомоторлық
даму ретардация, жеке тұлғаның мінезінің патологиялық ерекше көңіл аударуы керек.
Бұл балалармен жүргізілетін алдын алу шаралары жұмыстарының жоспарына
кіреді:1. Тамақтандыруды, күн тәртібін, дене дамуын бақылау. 2. Рахиттың алдын алу
шараларын мейірбике балалардың үйінде жүргізеді. 3. Салауатты өмір сүру бойынша
санитарлық-ағарту жұмысы. 4. Кезкелген ауруларда баланы ауруханада емдеу. 5. Отбасына
жоспардан тыста қатынап тұру. 6. Бүлдіршіндер бағына кезектен тыс ерте орналастыру. 7.
Ақысыз тамақпен және дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету.
Осы топтардағы балаларға, топтарына сәйкес, алдын алу шараларын іске асыру
мейірбикелердің бірден бір міндеттері. Шаралар дұрыс тамақтантандырудан басталып
кешенді шараларды қамтиды.