филлохинон мен менадион әсер етеді, сондықтанда ЖТН ГрА-да викосолды араға 12 сағат
салып екі рет енгізу қажет.
Күні жетіп туылған нәрестелерге викасолды 3 мг, ал шала туылғандарға 2-3 мг
мөлшерде тағайындайды. Викасол жоғарғы мөлшерде немесе оны ұзақ тағайындау қауіпті,
өйткені эритроциттарда Гейнц денешіктері (телца) түзілуі, гипербилирубинемия дамуы
мүмкін.
Меленаны жергілікті емдеу: Ішуге нәрестеге 0,5% натрий гидрокорбанат ертіндісін
күніне 1 ш. қасық 3 рет және эпсилонаминокапрон қышқылына ерітілген тромбин
ертіндісін (тромбинның құрғақ ампуласын 5% - 50 мл эпсилон-аминокапрон қышқылы
ертіндісінде ерітіп және 0,025% - 1 мл адроксон ертіндісін қосады) 1 ш. қасық күніне 3 рет
тағайындайды.
Шамадан тыс көлемде немесе қайталамалы қан кетушілікте және соның салдарынан
өрбитін анемияның белгілері болғанда, жаңа мұздатылған плазма немесе жаңа қанды 15
мл/салмақ мөлшерінде көк тамырға жібереді.
Достарыңызбен бөлісу: