Балашт ү с І п қ алие в б а л а л а р а у р у л а р ы


Құрсақ ішілік ЦМВИ патогенезінің ерекшеліктері



Pdf көрінісі
бет371/979
Дата26.09.2024
өлшемі16,27 Mb.
#145799
1   ...   367   368   369   370   371   372   373   374   ...   979
Байланысты:
Б Түсіпқалиев Балалар ауруының пропедевтикасы

Құрсақ ішілік ЦМВИ патогенезінің ерекшеліктері

Жүктілік кезінде иммунитеттің
физиологиялық өзгеруі байқалады. Біріншіден клетка звеносының жұмысы төмендейді,
378


гуморальды звеноның жұмысы жоғарылайды. Функциялық белсенділігі төмендеген клетка
иммунитеті виримиямен қатар дамыған ЦМВ-ның дамуына кедергі бола алмайды.
Виремия вирустың трансплацентарлық берілуіне көмектеседі. Тиімді иммундық қарсылық
көрмеген-діктен вирус қарқынды дамып, ұрық организміне тарайды. Ұрықтың зақымдалу
деңгейі вирустың даму қарқынын және инфекцияның байқалуы гестациялық жасқа байла-
нысты. Осыған орай аурудың минимальды белгілері болуы немесе қабыну өзгерістерінің
генерализациялануы байқалуы ұрықтың ауыр зақымдалуы байқалуы мүмкін. Ұрықтың
инфекциялануының сипаты, ауру ағымы, ақыры көптеген түрткілерге тәуелді болып келе-
ді. Соның ішінде ерекше орын алатын фактор анасының жүктілік кезіндегі инфекциялық
процесстің өту ағымы. Егер ауруға иммунитеті жоқ әйел цитомегалия инфекциясымен
жүктілік кезінде бірінші рет зақымдалса, біріншілік ЦМВИ дамиды. Серонегативті жүкті
әйелден ұрыққа ЦМВ берілу жиілігі, жүктілік мерзіміне қарамастан 30-50%. Сонымен
біріншілік ЦМВИ-ның жүкті әйелдердегі жиілігі 1%-тен аспайды(Fowier K.W 1992).
Ұрықтың жүктіліктің алғашқы мерзімнде жұққанында ұрық өлімімен немесе түсік
тастаумен аяқталуы мүмкін. Сонымен бірге цитомегаловирустың тератогенді әсері болуы
да мүмкін. Ерте фетопатияға қарын үсті безінің кистофиброзы, бауыр циррозы, гидро-,
микро- және порэнцефалия, өт жолдарының стенозы, атрезиясы, өкпе кистасы,
бронхоэктаздар, мүшелердегі склеротикалық және дисплатикалық өзгерістер жатады.
ЦМВ инфекцияланған нәрестелер физикалық және нервті-психикалық дамуда қалыс
қалады (олигофрения да дамуы) мүмкін, кереңдік, соқырлық та дамуы мүмкін.
Кеш құрсақ ішілік инфициялану кезінде клиникалық белгілер туғаннан соң немесе
бірнеше айдан соң 30% жағдайда жүктілік мезгілінен ерте босанумен аяқталуы, ал 4-6%
жағдайда туғаннан соңғы құрсақ ішілік дамудың кідірісімен аяқталуы – антенатальды
кезеңдегі ұзаққа созылған жағымсыз түрткілердің әсер етуінің критериі болып табылады.
ЦМВИ белгілері полижүйелік сипатта болады. Ол ОНЖ, асқазан ішек жолдарының, тыныс
алу жолдарының зақымдалуымен байқалады.
Клиникасында геморрагиялық синдром (жиі петихиальды бөртпе түрінде) 76%
жағдайда тромбоцитопения, 67% сарғаю фонында, ал 60% жағдайда гепатомегалия
фонында дамиды. ЦМВИ анықталған балалардың ерекшелігі нерв жүйесінің дөрекі
органикалық зақымдалуының (психомоторлы кідіріс, гидроцефалия) жиі болуында. 
ЦМВИ-мен қосылған тыныс алу мүшелерінің патологиясының ерекшелігі болып,
респираторлы жолдың төменгі бөлігінің қабыну процессіне қатысуы мен оның асқынған
ағымдары жатады, балалардың жартысынан көбінде ол іріңді-деструктивті процесс,
ателектаз, аурудың қайталамалы немесе созылған ағымы түрінде өтеді. Өкпенің
зақымдануын жиі арнайы ЦМВ инфекциямен бірге микст инфекция да шақыруы мүмкін.
Өмірінің алғашқы айларындағы балаларда асқорыту мүшелерінің патологиясы тек
сілекей бездерінің зақымдалуымен емес, сонымен қатар бауыр, ішек, ұйқы безі және осы
патологияларға туа болған ақаулықтар қосылуымен сипатталады. 70%-ке жуық балаларда
биоценоз бұзылысы кандидозды және стафилакоккты түрлерімен анықталған.
Зәр шығару жолдарының ауруларының ерекшеліктері болып бүйрек пен зәр шығару
жолдарының интерстициясының арнамалы зақымдалуы табылады. Олар туа болған
ақаулармен қосарланып келеді. Бұл патология негізінен субклиникалық түрде өтеді, бірақ
қолайсыз жағдайларда жедел бүйрек жетіспеушілігі дамуынынң себебі болуы мүмкін.
Емшек жасындағы ассоцияланған ЦМВИ анықталған балаларда клиникалық көрінісі
иммунды жетіспеушілік жағдай белгілерімен: микст-инфекцияның жиі қосарлануы,
зақымдалудың полижүйелік болуы, лихорадка кезінде токсикоз белгілерінің болмауы,
белсенді процесс кезінде клиникалық белгілердің аз болуы, лимфопенияға бейім.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   367   368   369   370   371   372   373   374   ...   979




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет