Балашт ү с І п қ алие в б а л а л а р а у р у л а р ы



Pdf көрінісі
бет377/979
Дата26.09.2024
өлшемі16,27 Mb.
#145799
1   ...   373   374   375   376   377   378   379   380   ...   979
Байланысты:
Б Түсіпқалиев Балалар ауруының пропедевтикасы

Диагностикасы
Диагноз анамнез, клиникалық және лабораторлық және инструмен-
тальды тексерістің мағлұматтарын салыстырғаннан соң қойылады. Бала жолдасында
келесі өзгерістер байқалады: инвалютивті-дистрофикалық процесстер, строма
элементтерінің және бүрлер (ворсиндер) дамуы диссоциациясы, фибриноидты және
лимфоцитарлы инфильтрация.
Жаңа туған нәрестелерді және аналарын – босанғаннан соң 1-3 тәулікте және теріс
нәтиже болған жағдайда клиникалық көрінісі 5-7 тәулікте сақталған жағдайда бактериоло-
гиялық әдіспен тексереді. Сонымен бірге, хламидияға қарсы антидене классынан М және
G анықтауға негізделген тіке емес иммунофлюресценция және иммунды энзимді әдіспен
жүргізілетін серологиялық тексеріс жүргізу қажет. 1:64 титр, оның динамикада өсуі
инфекциялық процесстің белсенділігін көрсетеді. Жаңа туған нәрестеде хламидияға қарсы
антидененің теріс болуы, ХИ-ның жоқтығын дәлелдемейді. Егер ЖТН-де антихламийді
антидене болса және оның титрі төмендеуге бейімделік білдірсе – бұл анасының
антиденесі екенін көрсетеді.
Диагноз қоюда негізгі рольді анасы мен нәрестені микробиологиялық тексеруге
атқарады. Хламидиялық инфекцияда перифериялық қанда шамалы анемия, эозинофиль-
дердің (7%) және моноциттердің (10%-тен) жоғарылауы 1-ші аптаның соңына 2-ші
аптаның басында байқалады.
Емі.
Нәрестеде C.trachomatis анықталған жағдайда аурудың клиникалық көріністері
болмаған жағдайда да емдеу комплексті жүргізіледі.
 
Этиотропты терапия макролид клас-
сындағы антибиотик тағайындаумен басталады. Осы кезге дейін ХИ емдеу үшін эритро-
мицин пайдаланады.
 
Эритромицинді
40мг/кг салмағына есептейді, 21 күнде клиникалық
жақсы нәтиже береді. Дегенмен де, өмірінің бірінші жылында хламидий персистенциясы
55 % жағдайда күні жетіп туған нәрестелерде, 75% шала туған нәрестелерде сақталады.
Сумомедті
10мг/кг/салмағына алғашқы тәуліктерде қолданған жағдайда, ал содан соң
5мг/кг салмағына 4-7 күн қолданған жағдайда клинкалық жағдайының қалыптасуы және
организмнен қоздырғыштың толық элиминациялану байқалады. 
Клацид
(кларитромицин),
сумомедке ұқсас, организнің тіндеріне кіреді, сонымен бірге тіндерде оның концентрация-
сы плазмаға қарағанда жоғары, препарат тек қана хламидияға әсер етіп қана қоймай,
микоплазма, стрептококк, стафилакоккқа да белсенді әсер етеді.
Препаратты тамырға, бұлшық етке енгізуге болады, сонымен бірге балаларға
суспензиясын 10мг/кг/тәу 14 күн ішінде 2 бөліп ішкізуге кеңес беріледі.
Антибиотиктерді иммуноглобулиндермен, витаминдермен (А,С,Е), глютамин
қышқылымен, интерферонмен, бифидумбактеринмен қосарлап тағайындайды. Нәрестенің
клиникалық жағдайына байланысты оксигенотерапия, дегидратация және басқа да
симптоматикалық препататтар қолданады.
Ж.Т.Н. емдеу тиімділігін 6 айлығында микробиологиялық тексеріс нәтижесі бойын-
ша бағалайды. Персистенцияланған хламидий анықтаған жағдайда балаға антибиотикті
курсын қайталайды. Сонымен бірге анасында, әкесінде ХИ анықталған жағдайда кешенді
этиотропты ем тағайындалады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   373   374   375   376   377   378   379   380   ...   979




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет