Этиологиясы.
Токсоплазма қоздырғышы Toxoplasma gondii – қарапайымдыларға
жататын және даму циклі күрделі облигатты клетка ішілік паразит. Олардың 3 негізгі түрі
болады: трофозиттер (эндозоиттар), цисталар және социттер.
Эпидемиологиясы.
Токсоплазмоз табиғи ошақты зоонозға жатады.
Адамдарда
инфекция 3 жолмен беріледі: ауыз арқылы (оацист және цистаны жұту),
трансплацентарлы, сонымен қатар қан құю және мүшелерді алмастыру кезінде.
Донорлардың токсоплазмамен зақымдалуы
клиникасы сау адамдар сияқты, бірақ
реципиенттерге токсоплазманың берілу жағдайы байқалмайды.
Мұндай жағдайлар
иммунитеттті әлсіреген (СПИД және лейкомия т.б. ауруламен ауыратын жағдайда)
адамдарға қан құйған кезде, сонымен қатар мүшелерді алмастыру кезінде болады.
Педитриялық тәжірибеде құрсақ ішілік анадан нәрестеге жұғу маңызды болып табы-
лады. Ұрықтың құрсақ ішілік зақымдалуы тек жүктілік кезінде біріншілік
инфекциямен
ауырған әйелден жұғатыны дәлелденген, себебі, бұл жағдайда паразитемия және қоздыр-
ғыш қанмен плацентаға өту мүмкіншілігі болады. Бұл жерде инфекцияынң бірінші ошағы
түзіледі, содан соң токсоплазмалар гематогенді жол арқылы ұрыққа енеді. Жүктілікке
дейін жұққан әйелден қоздырғыштың ұрыққа берілуі дәлелденбеген, анасындағы дамыған
иммунитет ұрықты жұғудан қорғайды. Жүктілік кезінде инфекцияланған әйел клиникалық
сау болып есептелінеді. Тек 10-ның біреуінде ғана клиникалық симптомдарды байқауға
болады, көбіне лимфоаденит түрінде кездеседі.
Достарыңызбен бөлісу: