Егер жедел бронхит ұзақ уақытқа созылса және ауруы қайталай берсе, жедел
бронхитты басқа аурулардан ажырату қажет. Ірі бронхта бөгде дененің тұрып қалуы
созылмалы және қайталама бронхиттың себебі болуы мүмкін.
Емі:
Жедел бронхитты үйден емдейді, тек жедел респираторлы вирусты жұқпалы
ауру қатан өткенде немесе пневмониядан ажырату керек болған жағдайда ғана, балаларды
ауруханаға жібереді. Күн тәртібі аса көп шектелмейді.
Баланың бөлмесіндегі ауа неғұрлым ылғалды болуы керек, ол үшін әртүрлі әдістерді
пайдалануға болады, мысалы, қыстың күні батареяларға сулы таза шүберектерді жайып
қою керек және т.б.
Жедел бронхиттың арнайы этиотропты емі жоқ, себебі, ол вирустарға байланысты
пайда болатын ауру. Антибиотиктер мен сульфаниламидтерді мүмкіндігінше қолданбаған
жөн.
Бактериальды немесе вирусты-бактериальды бронхитте антибиотиктер міндетті
түрде қолданылады, негізінен кең спектрлі антибиотиктер ампициллин, оксациллин 1кг
дене салмағына 100мг-нан есептеп қосады. Микоплазмалы бронхитте эритромицин
тағайындау керек, 1кг салмағына 40-50мг нан. Қақырықты жұмсарту үшін ылғалды бумен
жіне минеральды сулармен демалу керек және ішуге 1%-ты йодты калий тағайындалады.
Қақырық түсіретін дәрі-дәрмектер. Жөтел басатын дәрі дәрмектерді жедел бронхитте
қолдануға болмайды.
Достарыңызбен бөлісу: