Емі , ал дұрысында ЖАБ-ды сауықтыру бұл жағдайдың даму экзогендік себептерін
жойып, эндогендік себептерін жұмсақтап қалыптастырудан тұрады. Ата-аналарын
слауатты өмірдің қажеттілігіне сендіріп, шылым шегуден бас тартуға, тұрған мекенінің
жақсартуға, дәстүрлі тамақтану қағидаларын өзгертуге үгіттеу.
Мүмкіндігінше мектепке дейінгі балалар мекемелеріне кештеу бару. Отбасының
барлық мүшелеріндегі созылмалы инфекциялық ошақтарыд тазалау. Баланың күн тәртібін
және келістірілген тамақтануын ұйымдастыру. Шынықтыру. Ауаны тазалайтын және
аэрроиндардың концентрациясын жоғарлататын құралжабдықтар (аэроионотерапия)
қолдану. Тиімді витаминотерапия (С, В
1
,В
6
, РР, фоль қышқылы, бетакоротин),
микроэлементтер тапшылығын (кобальт, маргенец, мырш, мыс, молибден) қалыптастыру.
Тапшылық жағдайларды, орталық және вегатативті нерв жүйесінің аруларын анықтап,
емдеу. Балада созылмалы инфекция ошағын микобактерияларымен инфекциялануды
анықтау және емдеу. Дәрілік заттарды тек қатаң көрсеткішетрі болған жағдайда ғана
тағайындау. Организмнің инфекцияға қарсы тұру қасиетін артыру үшін қолданылатын
заттарға адаптагендер мен биогенді стимуляторлар жатады: апиликвирит ( мия қосылған
ара сүті), прополис (ара желімі). Өсімдіктектес адаптагендерге жатады: қызғылт родиола,
левзей, элеутерококк сығындысы, заманиха, қытай лимонының, аралиидің тұнбасы.
Пурпурлы эхинацеядан дайындалған тиімді дәрілер: эхинацин, иммунал. Балалар жиі
респираторлық ауруларының алдын алу үшін бактериялық иммуномодулыторлар
қолданылады: рибомунил, бронхомунал.
6.1.3. БАЛАЛАР БРОНХИТТЕРІ Балалар бронхиттері. Бронхит бронхтардың әртүрлі, яғни жұқпалы, аллергиялық, физико-химиялық себептердің әсерінен қабынуы. Бронхиттер 3 топқа жіктеледі
:
- жедел бронхит
- жедел обструктивті бронхит
- жедел бронхиолит
Қазіргі кезде қосымша тағы бір топты бөледі, ол рецидивті (қайталама) бронхит деп
аталады.
440
Бронхиттердің критериялына оның қабынуының клиникалық белгілері және өкпе
тінінің зақымдалу белгілерінің болмауы жатады.
Сонымен қатар, бронхиттерді, ағымына байланысты, жедел және созылмалы дертпе
бөледі.