Балашт ү с І п қ алие в б а л а л а р а у р у л а р ы



Pdf көрінісі
бет465/979
Дата26.09.2024
өлшемі16,27 Mb.
#145799
1   ...   461   462   463   464   465   466   467   468   ...   979
Байланысты:
Б Түсіпқалиев Балалар ауруының пропедевтикасы

Ірінді плеврит.
Бұларды жедел ағымды жайылмалы (плевра эмпиемасы) және
қапталған (плащ тектес, бөлікаралық, медиастиналдық, диафрагмалық) ірінді
плевриттерге бөледі.
Жедел агымды іріңді плеврит
күрт басталып, гектикалық қызумен кенеттен
басталған диспноэ, бүйір ауыруы, токсикоз бен үдемелі ТТ сипаттары, кейде естен тану,
құсу арқылы білінеді. Баланың түрі бозарып, ауыз төңірегіңде цианоз болады, төсекте
зақымдалған жақ бүйіріне жатуға тырысады. Кеудені ауыртатын, қысқа жөтел байқалады.
Көкіректің ауру жағы тыныс алуда қалынқы, шығынқы, тері астының ісіңкілігі,
қабырғааралығының тегістелгені байқалады. Перкуссияда ауыратын жағының дыбысы
тұйықтау шығады, бірақ, рентгенде айқын Соколов-Дамуазо сызығы көрінбейді. Гарлянд
ұшбұрышы сирек, кеуде қуысының ығысуына (медиастинум) байланысты Грокко-Раухфус
үшбұрышы өте жиі кездеседі. Ірінді плеврит сол жақта болғанда Траубе кеңістігі, әдетте,
толы болады. Аускультацияда тыныстың әлсіздігі, плевра үйкелісі, ал, «сау» өкпеде –
катаралдық өзгерістер анықталады.
Плевриттін клиникалық диагнозын растау үшін, ауруды рентгенге түсіріп, оған
плевра пункциясын жасайды.
Пиопневмоторакс.
Өкпедегі ірің плевраға ақса, бронх пен плевра қуысы арасында
қатынас пайда болады, сөйтіп пиопневмоторакс өрбиді. Пиопневмоторакстың клиникалық
ағымының үш түрін ажыратады.
Бірінші түрі – жедел,
күрт жүреді. Әсіресе, клапандық
(кернеулі) пневмоторакс ағымы аса ауыр. Бала халі аз уакыт ішінде күрт нашарлайды,
дәрігерлік шұғыл көмек жасалмаса, бала тез арада өліп кетеді. 
Екінші түрі – 
жұмсақ, бала-
ларда жиі кездеседі. Ол жеңіл, беткейлік өкпе іріңінің шығуымен сипатталып, пневмото-
ракстың клиникалық белгілері баяу өрбиді.
Үшінші түрі –
көмескі, пневмоторакс өрбуі
белгісіз, тіпті перфорация болғанда да қиын. Ол тек рентген тексерісінде ғана анықталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   461   462   463   464   465   466   467   468   ...   979




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет