Балашт ү с І п қ алие в б а л а л а р а у р у л а р ы



Pdf көрінісі
бет471/979
Дата26.09.2024
өлшемі16,27 Mb.
#145799
1   ...   467   468   469   470   471   472   473   474   ...   979
Байланысты:
Б Түсіпқалиев Балалар ауруының пропедевтикасы

Қуаттандырушы ем.
 
Жақсару және сауығу кезінде
 
жедел кезеңнен кейін 2-3 апта
бойына төмендегі дәрілермен организмнің қорғаныс қабылетін қуаттандыру жүргізіледі: 
Натрий нуклеинат (Natrii nucleinas). Нуклеин қышқылының натрий тұзы ашытқыны
гидролиздеу нәтижесінде алынып, тазаланған. Ұнтақ күйінде шығарылады. Бір жасқа
дейнгі балаларға – 0,005-0,01, 2-5 жаста – 0,015-0,05, 5-7 жаста – 0,05-0,1 г, 7-14 жаста –
0,2-0,3 г-нан күніне 2-3 рет 5-8 күн және оданда ұзақ береді. Сол сияқты Метилурацил
(3-8 жасар балаға – 0,25 г, 8 жастан ересек балаға – 0,25-0,5 г-нан күніне 3 рет), Дибазол
(Бір жасқа дейін – 0,001 г, 1-3 жаста – 0,002 г, 4-8 жаста – 0,003 г, 9-12 жаста – 0,004 г, 12-
ден асқан балаға 0,005 г ашқарынға күніне бір рет), Пентоксил (бір жасқа дейін 0,015, 1-3
жаста – 0,025, 3-8 жаста – 0,05, 8-12 жаста – 0,075, 12 жастан асқанда – 0,15 г күніне 3-4
рет), Жень-шень тұндырмасы (күніне 15 тамшыдан 3 рет), сұйық элеутерококк сығындысы
(тамақтан жарты сағат кейін күніне 5-20 тамшыда 25-30 күн бойына), А, В
5
, В
6
, В
1
, В
2
витаминдері қолданылады. 
Жедел пневмониямен ауырған науқастарды ауруханада емдеу.
Науқасты емдеуді ауруханаға түскеннен бастау керек. Емнің негізгі сатылары: су
тәртібін тағайындау, тиімді емдәм, антибиотикалық ем, тыныс және жүрек жетіспеушілі-
гін жою, қышқылды сілтілік жағдайды қалыптастыру, гипертермиямен, құрысу
синдромымен және т.б. күрес, гипокалиемия, ТІШҰ синдромыдарының алдын алу. 
Режимдерді ұйымдастыру.
 
Ауруханада науқас баланы жеке бокстарға орналастыру
керек, керуеттің бас жағын көтеріп жатқызу қажет. Бокста науқастың анасымен бірге
болғаны жөн. Палаталар мен бокстарда ртутті-кварцті шаммен сәулелендіріп, желдендіріп,
өзара инфекцияның тарауының алдын алып отыру керек. 
Тәуеліктік сұйықтық мөлшерінің 1/3 бөлігін глюкоза тұз ертінділері түрінде
(регидрон оралит) берген жөн. Бұндай ережені сақтау 80-90% науқастарда инфузиялық ем
жүргізбеуге мүмкіндік береді. Қажет болған жағдайда (сусыздану, талма, микроцирку-
ляцияның бұзылуы, тамыр ішінде шашырап ұю синдромының пайда болу каупі),
сұйықтықтың 1/3 бөлігі көктамырға жіберіледі. Кристаллоидтарды шектен тыс жіберілсе,
өкпе шемені байқалуы мүмкін. Тамақтандыруда айтарлықтай өзгеріс болмайды. Науқас
бала тиісті мөлшерде тамақ ішуі керек. Өте ауыр жағдайларда бірнеше күнге ғана
тамқтану жиілігін көбейтіп, бір қабылдайтын тамақ мөлшерін азайтады. Содан кейін
тамақ қалыпты мөлшерде, физиологиялық талаптарға сәйкес беріледі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   467   468   469   470   471   472   473   474   ...   979




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет