Балашт ү с І п қ алие в б а л а л а р а у р у л а р ы



Pdf көрінісі
бет503/979
Дата26.09.2024
өлшемі16,27 Mb.
#145799
1   ...   499   500   501   502   503   504   505   506   ...   979
Байланысты:
Б Түсіпқалиев Балалар ауруының пропедевтикасы

Патогенезі
.
Бөгде антиденелердің әсерін ішек-қарын жолдарының иммунды және
иммунды емес кедергілер жүйесі төмендетіп отырады.
Иммунды емес жүйеге ақуыздар мөлшерін кішірейтіп және құрылысын өзгертіп
ұсақ антигендік молекулаға дейін ыдырататын асқазанның тұз қышқылы мен
протеолитикалық ферменттері жатады. Физикалық кедергілер (клегейді өндіру және
бөліп шығару, перистальтика) потенциальды аллергендердің ішек-қарын жолдарының
кілегей қабатымен қатынаста болу ұзақтығы мен қарқындылығын төмендетеді. Ішек
эпителийі макромолекулалар сіңірілуіне кедергі болады.
Ішек-қарын жолдарының өзіндік иммундық жүйесі бар – лимфоидтық
фоликулдардың дисеретті жинағынан тұратын ішекпен ассоцияланаған лимфоидты тін;
эпителий ішілік лимфоциттер: кілегей қабатының плазматикалық жасушалары: іш
майдың лимфа түйіндері.
Тағамға толеранттылықтың қалыптасуы (лат. tolerantia – шыдамдылық, көтере алу-
шылық) жергілікті және жүйелі иммунитет фолликуларысмен қамтамасыз етеді. Ішекте
антигенді аллергиялық емес (толерантты) түрге ауыстыру жүреді. Бастапқы түріне
қарағанда бұл аллергеннің құрлысы бойынша сәл айырмашылығы болады, бірақ ол СД
8+ Т-жасушаларды белсендіру арқылы жасушалық иммундық жауапты төмендетеді.
ТА-ға бейімділігі бар балаларда тағам аллергендеріне толеранттылық төмендегенде
немесе жойылғанда пайда болады, оған көптеген себептер:

иммундық жүйе мен асқорыту мүшелерінің функциялық жетілмеуі;

үлкендермен салыстырғанда sIgA және Т – жасушалардың СД 8+-ң аз
өндірілуі;

тұз қышқылы мен асқорыту ферменттерінің активтілігінің төмен болуы;

кілегейдің аз өндірілдуі.
Осы айтылған факторлар анигеннің ішек иммундық жүйесінің жасушаларымен
қатынасының күшеюіне алып келеді, соның нәтижесінде арнайы антиденелердің
өндірілуі күшейіп, сезімталдық жоғарлайды. Ішек-қарын жолының клегей қабатындағы
атопиялық реакциялар оның өткізгіштігін артырып, тағамдық аллергендердің қан
айналымына түсуін күшейтеді. Тағамдық аллергендер жеке мүшелерге барып (өкпе,
бүйрек және т.б.), онда «мес» клеткаларды белсендіреді. Сонымен қатар
патофизиологиялық кезеңде түзілген биологиялық белсенді заттар (ББЗ) қанға түсіп,
487


ішек-қарын жолдарынан тыс дистанционды реакцияларды анықтауы мүмкін.
Аллергиялық реакциялардың жекеленген иммунды механизмдері (реагинарлы,
цитотоксикалық, иммунокешені, жоғары сезімталдықтың баяу түрі) сирек кездеседі.
Көптеген ауруларда тағамдық аллергия уықыт өте келе құрамдасқан түрде дамиды. ТА
механизмінде басты орынды жоғары сезімталдық алады, ол кезде антигендердің
элиминациясы (лизис) лимфоидты жасушалармен іске асады.
Аллергиялық емес жоғары сезімталдықтың әтүрлі механизмдері атопиялық
реакциялармен бірге (параллелді) жүруі мүмкін немесе одан тәуелсіз іске асады. Бұндай
жағдайда ББЗ-тардың жасушалардан бөлінуі иммунологиялық кезеңнің қатысуысыз
жүреді, бірақ клиникалық көрінісі кәдімгі жергілікті реакциялардан айырмашылығы
болмайды. Сондықтан да, ТА бар балалардың 30-45%-да қанында IgE қалыпты болады.
«Жасуша мембраналарының тұрақсыздығы (стабильді еместігі)» синдромының
феномені аллергиялық емес жоғары сезімталдығының туындау себебі көп: ксенобио-
тиктер мен анутриенттерді (тағамдық өнімдерді өндірістік консервлеуде қолданылатын
әртүрлі қосымшалар) шектен тыс көп қолдану, тығайтқыштарды (сульфиттер,
алколоидтар) пайдалану, гиповитаминоздар мен микроэлементтердің тапшылығы.
«Жасуша мембраналарының тұрақсыздық» синдромы ішек-қарын жолдарының
созылмалы ауруларында, дисбакетриозда, адам конституциясының экссудативті-
катаральды және лимфатикалық-гипопластикалық ақауларында туындайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   499   500   501   502   503   504   505   506   ...   979




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет