Балашт ү с І п қ алие в б а л а л а р а у р у л а р ы



Pdf көрінісі
бет499/979
Дата26.09.2024
өлшемі16,27 Mb.
#145799
1   ...   495   496   497   498   499   500   501   502   ...   979
Байланысты:
Б Түсіпқалиев Балалар ауруының пропедевтикасы

Патогенезі.
Респираторлы аллергоздардың иммунопатологиялық, патобиохимия-
лық фазалары балалар аллергиялық ауруларымен бірдей. Кілегей қабаттардың ісінуі мен
гиперсекрециясымен қатар биологиялық белсенді медиаторлардың афферентті жүйке
талшықтарын тітіркендіруі түшкіру, жөтел шақырады. Атопиялық реакцияның жедел
фазасы
 
30-40 минутқа созылады. Кешіккен реакция (соңғы фазаның реакциясы)
жасушалардың жоғары тыныс жолдарының кілегейінің инфильтрациясына әкеледі, ол
кілегей қабаттың аллергиялық қабынуына әкеледі, ал, ол болса, респираторлы
аллергоздар мен бронх демікпесі дамуындағы басты патогенетикалық механизм.
Созылмалы аллергиялық қабыну тыныс жолдарының гиперреактивтілігіне әкеледі. Ол
клиникада антигендік емес факторлары (салқын ауа, физикалық жүктеме, өткір иіс және
т.б) әсер еткенде түшкірумен, ринореямен, мұрын бітуімен, жөтелмен көрінеді.
 
Клиникалық көрінісі.
Аллергиялық риниттің кезеңділігі сезімталдық спектріне
байланысты:

тұрмыстық сезімталдық болғанда – күз, қыс айларында өршуімен жыл бойы;

тозаңдық сезімталдықта өршудің белгілі кезеңділігі болады.
Балаларда
аллергиялық ринит
синуситпен (тыныс шығаруда үшкіл нервті
пальпациялағанда ауырсыну, рентгенограммада жиегі айқын емес қараю), евстахиитпен,
аденоидтар гиперплазиясымен, отитпен және жоғары тыныс жолдарының басқа да
ауруларымен бірге жүреді. Пароксизмальды түшкіру, мұрын бітуі, мұрыннан кілегей
бөлінуі (ринорея) – аллергиялық риниттің клиникалық белгілері. Мұрынның қышуынан
бала мұрнын тыржитады («қоян мұрны»), сүртеді («аллергиялық салют»). Бала аузымен
дем алады, беті ісініп, көз асты қаруытады. Аллергиялық риниттің созылмалы түрі бас
ауруына, ұйқы бұзылысына, сабақ үлгерімінің нашарлауына әкеледі. 
Аллергиялық ринитте
риноскопияда мұрын кілегейінің көкшілдігін, ісінгенін,
ортаңғы және төменгі мұрын қуыстарының ісінуіне байланысты мұрынжолдарының
483


тарылғанын көруге болады. Анамнез, клиникалық көріністері, аллергологиялық зерттеу
қорытындысынан бөлек аллергиялық риниттің дәлелі болатын мұрын жағындысында
эозинофильдердің анықталуы. 
Аллергиялық ларингит
жиі үш жасқа дейінгі балаларда тағамдық аллергендерге,
сирек басқа да топ аллергендеріне туындайды. Әдетте ауру қайталамалы. Жиі түнгі
мезгілде өршиді. Қатаң, үрген тәрізді жөтел, дауыс қарлығуы дамиды. Жиі аллергиялық
қабынуға трахея мен бронхтарда ұшырайды (аллергиялық қайталамалы ларинготрахеит,
ларинготрахеобронхит). Көмей ісінуі даму мүмкіндігі жоғары. 
Аллергиялық трахеит
 
клиникалық көрінісі құрғақ қатты жөтел, жиі түнде өршиді
және төсартының ауырсынуымен жүреді. Азапты жөтелге қарамастан, баланың жағдайы
өзгере қоймайды. Пароксизмальды жөтел, құсу, бала жағдайының түнде өршуі көкжөтел
деп қате диагноз қоюға ұшыратады. Аллергиялық трахеиттің жиі себебі тұрмыстық
аллергендер. 
Аллергиялық обструктивті бронхит
төменгі тыныс жолдарының ауруына жатады.
Қазіргі күнде бұл ауру этиологиясы мен патогенетикалық механизмі демікпемен бірдей
болғандықтан бронхиальды демікпенің жеңіл түрі деп қарастырылады. 
Диагноз.
Жоғарғы тыныс жолдарының ауруларының аллергиялық немесе
инфекциялық екенін ажырату қиын. Кейбір анамнездік, клиникалық, лабораториялық
ажырату белгілері төмендегі кестеде 
(78 кесте)
берілген:
78 КЕСТЕ


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   495   496   497   498   499   500   501   502   ...   979




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет