Ұстама алды кезеңінде
баланың мінез-құлқы өзгереді, тәбеті бұзылады.
Себепсіз күле беруі мүмкін, дене қызуы өзгермей-ақ жөтеліп, мұрынынан су ағады, терісі
қышып, мұрыны, тамағы жыбырлайды. Дене қызуы субфибрильді көрсеткішке дейін
көтерілуі мүмкін. Терісі бозарып, құрғақ «құс терісі» байқалады, алақандары, табаны,
қолтығы суланады. Беті ісініп, беті, көзқарасы мазасызданып, қарашығы үлкейіп, аздап
экзофтальм байқалады. Даусы жіңішкеріп, сөзін аяқтамайды, түшкіріп, мұрнынан су көп
ағады. Перкуссиялық дыбыстың әлсіз тимпаникалық реңі, бірен-саран шашыраңқы
сырылдар естіледі. Тахикардия, несеп бөлінуінің азаюы байқалады.
Бұл кезеңнің ұзақтығы әртүрлі болады, яғни бір науқастың өзінде минут, сағат, кейде
1-3 тәулікке дейін соғуы мұмкін. Кейде, әсіресе 1 жасқа дейінгі балаларда бұл кезең
болмайды.
Ентігу, тыныс алудың қиындауы және тұншығу келесі,
тұншығу кезеңіне
тән
белгілер болып саналады.
Ұстама әдетте кешкі мезгілде немесе түнде басталады. Ұзақтығы бірнеше минуттан
бірнеше сағатқа, күнге дейін созылады.
Шағымдары:
ауыр, қиналып дем алу, қақырықсыз қиналып жөтелу, бас ауруы, ішінің
төменгі бөлігінің ауыруы (жөтелгеннен кейін). Сәбилер мазасызданып, төсекте дөңбекши
береді, қолға сұранып, жанын қоярға жер таба алмайды.
Ересек балаларда төсектегі қалпы мәжбүр, иығын тіреп, қосымша тыныс еттеріне
тірек беріп, тынысын жеңілдетеді – төсекте, орындықта отырғанда ілгері еңкейіп, қолымен
керуетке, орындықтың жиегіне немесе өзінің тізесіне сүйенеді, керуеттің жиегін ұстап,
жартылай жатады. Сұраққа қалай болса солай, бөліп-бөліп жауап береді.
Бозаруы, ісінуі күшейіп, терісі мен кілегей қабаты көгере бастайды, бетінде
қорқыныш, үрей, қиналу байқалады. Мұздай, жабысқақ тер шығып, кеуде қуысы қапыл
кебеді, тыныс алу кезінде жұмсақ жерлері тартылып, қосымша тыныс еттері тыныс алуға
қатыса бастайды. Баланың жасы кіші болған сайын ентігу айқын білінеді. Тыныс алуы
қысқа, шұғыл, тыныс шығаруы бірқалыпты болмай, шулы түрде алыстан естіледі.
Перкуссияда қорабтық дыбыс, түбір маңында аздаған тұйықталу анықталады.
Айқын өкпе эмфиземасы, қабырға аралықтарының кеңеюі, қабырғалардың көлденең
жатуы, көкеттің төмен түсуі, тыныс кезінде әлсіз экскурсия байқалады. Тыныс әртүрлі,
әлсіз, ысқырған, құрғақ және ызыңдаған сырылдар, ысқырық, шиқыл естіледі. 1 жасқа
дейінгі балаларда ылғалды сырыл естіледі.
Тахикардия, жүрек шекарасының кішіреюі, абсолюттік тұйықтықтың анықталмауы
байқалады.
Іштің еттері қатайып, ауырсынады, бауыр 3-4 см-ге дейін үлкейеді, тұншығу
ұстамасы бірнеше рет қайталануы мүмкін.
514
Ем дұрыс қолданғанда аурудың жағдайы жақсарып, демікпенің келесі, ұстамадан
кейінгі кезеңі басталады, әрекеттері бұзылған мүшелер мен жүйелер қалпына келе
бастайды, ұзақтығы 3-5 күн, ауыр жағдайларда бірнеше аптаға созылады.
Науқасты объективті тексеру барысында, клиникалық тексерумен қатар, бронх
обструкциясының дәрежесін бағалауға (1 секунд бойына форсирленген дем шығару
көлемін спирографиялық өлшеу – FEV1) мүмкіндік беретін және оның бронхолитикалық
дәрілер әсерінен өзгеруін, яғни БА-ның және оның ұстамасының ауырлық дәрежесін
бағалауға мүмкіндік беретін сыртқы тыныс функциясын (СТФ) зерттеу міндетті болып
келеді. БА-ның ауырлық дәрежесін анықтау үшін СТФ-сын ремиссия кезіндеде анықтау
керек. Қазіргі кезде ол үшін, шектік (пиковый) экспираторлық ағымды (PEF) өлшеуге
мүмкіндік беретін пикфлоуметрия жүргізіледі.
Достарыңызбен бөлісу: |