Балашт ү с І п қ алие в б а л а л а р а у р у л а р ы



Pdf көрінісі
бет544/979
Дата26.09.2024
өлшемі16,27 Mb.
#145799
1   ...   540   541   542   543   544   545   546   547   ...   979
Байланысты:
Б Түсіпқалиев Балалар ауруының пропедевтикасы

ТӘУЛІКТІК МӨЛШЕРЛЕРІ
Препараттар*
Тәуліктік ең төмен
мөлшері (мкг)
> 12 жас
< 12 жас
Орташа тәулік-
тік мөлшері 
(мкг)
> 12 жас
< 12 жас
Ең жоғары 
тәуліктік 
мөлшері (мкг)
> 12 жас
< 12 жас
Флютиказон:
(Фликсотид):
Мөлшерленген аэрозоль - 44, 110.
Н/се 200 мкг/демалу
Ұнтақтық ингалятор - 50, 100, 
немесе 250 мкг/ингаляция
88-264 88- 
176
264-660
176-440
>660
>440
521


Беклометазон-СFC
42 немесе 82кг/демалу
168- 504 84-
336
504-840
336-672
>840
>672
Будесонид (құрғақ опалы 
ингалятор) 200 мкг/ингаляция
200-600 100-
400
600-1200
400-800
>1200
>800
Будесонид 
(небулайзер) суспензия
-
500 -
1000 
-
2000
Флюнисолид 250 мкг/демалу
500-1000 500-
750
1000-2000 
1000-1250
>2000
>1250
Триамцинолон ацетонид 100 
мкг/демалу
400-1000 400-
800
1000-2000
800-1200
>2000
>1200
*-Ингаляция жасардың алдында әр құралдың сыртынан (корпусынан) 1 демалуда қанша мкг
бар екенін қарап біліп алу керек.
Жүйелік кортикостероидтар.
 
БА-ның ауыр ұстамаларын емдеу үшін парентеральды
преднизалон 2мг\кг мөлшерінде (тәулігіне 5-10 мг\кг) тағайындайды. Ішкізуге
преднизолон 1-2мг\кг беріледі. Тәулігіне гидрокортизон 25мг\кг, дексаметазон 0,8 -1,0
мг\кг күніне 4-6 рет беріледі.
Глюкокортикоидтар
клиникалық әсерінен басқа теріс әсер етуі мүмкін, Фликсотид
Иценко-Кушинг синдромы, бой өсуінің бұзылысы, остеопороз және т.б. гормон тәуелді
аурулар дамиды. Глюкокортикоидтар әртүрлі аллергиялық реакцияларға әсер етіп,
гистаминнің пайда болуын тежейді, оның қан сарысуы мен ткандеріндегі белоктармен
байланысуын күшейтіп, оған рецепторлардың сезімталдығын төмендетеді. Эксперемент-
тік жұмыстарда дәлелденгендей, глюкокортикоидтар клеткалық мембранадағы
фосфолипазалардың белсенділігін тежеп, фосфолипазалардың және бронхоконстрикция-ға
ықпал етуші лейкотриендердің көзі – арахидин қышқылының гидролизінің алдын алады.
Сонымен қатар, глюкокортикоидты гормондар мембраналардың физикалық-химиялық
қасиетін өзгерте отырып, өкпедегі β-адренорецепторлардың санын көбейтеді. Демікпемен
ауыратын науқастарға глюкокортикоидтарды қолданғанда, симпатомиметик-тердің әсеріне
қарсы β-рецепторлардың сезімталдығы күшейеді. Кортикостероидтар демікпенің өте ауыр
түрлерінде жаксы емдік әсер береді. Адренергиялық реакцияның айқын блокадасында,
глюкокортикоидтарға сезімталдығы азайғанда (нысанада – яғни, ткандердегі
глюкокортикоидтық рецепторлар азайғанда), гипоталамус-гипофиз-бүйрек үсті безі
жүйесінің функциональдық жағдайына байланысты науқаста аортико-тәуелділік дамиды.
Глюкокортикоидтарды басқа емдік әдістер мен емдеу шаралары көмектеспеген-де ғана,
қолдану керек (асфексиялық синдром, демікпелік жағдай, тұншығудың таралмайтын ауыр
түрі). Мөлшері, егу жолы, қолдану ұзақтығы жеке-дара, анамнезі, клиникалық көрінісіне
байланысты, анықталады. Егер ауру анамнезінде бұрын кортикостероидтардан кейін
тарайтын, жиі ұстайтын тұншығу және демікпелік жағдай қалыптасып, ал ұстама
арасындағы кезең қысқа болса, бұндай науқастарда жаңа ұстама кезеңінде эндогенді
глюкокортикоидты жарамсыздық дамиды. Көбіне глюкокортикоид-тарды демікпенің өте
ауыр түрлеріне, әсіресе даму барысында аллергиялық реакцияның үшінші түрі басым
болғанда, қолданады. Реакцияның бұндай түрінде тамырларда IgJ-ге жататын аллергендер
мен преципитиндерден құралған иммунды комплекс пайда болады. Бұл комплекстер ұсақ
өкпе ткандеріне бекітіліп, оны зақымдай бастайды. Иммунды комплекстердің деңгейі
жоғары демікпеде басқа емдеу әдістері нәтижесіз болғандықтан, тек қана
глюкокортикоидтармен емдейді.
«Аспириндік демікпеде» де глюкокортикоидтарды қолдануға тура келеді (полинозды
риносинусит демікпелік триада), аспирин, анальгин, индометацин, бутадион, амидопирин-
ді қабылдамау, яғни, бұл дәрілерді қолданғанда, ауыр ұстамалы тұншығу басталады. Бұл
дәрілер арахидин қышқылының метаболизмінің циклооксигеназды жолын ингибирлеп,
липооксигеназды жол күшейеді де, лейкотриендер пайда бола бастайды. Глюкокортикоид-
тар бұл құбылыстарды тежейді.
522


Науқасты демікпелік және асфиксиялық жағдайдан шығару үшін интенсивті ем
жүргізілгенде глюкокортикоидтарды тағайындайды. Бұл жағдайда преднизалон тәуліктік
мөлшері 1кг дене салмағына 2-3мг-нан есептеліп алынады, әсері 1-2 сағаттан кейін
басталады. Демікпелік жағдай таралмаған жағдайда инфузиялық емді 2-3 күн бойына,
және одан да ұзақ мерзімге қайталайды. Глюкокортикоидтарды, сонымен қатар, ішуге де
береді, әсіресе, аурудың ауыр түрлерінде және егер науқас бұрын – соңды гормон
қабылдаған болса, әуелі тез нәтиже беретін алғашқы мөлшерін беріп, жағдайы
жақсарғаннан кейін, оның мөлшерін азайта бастайды. Ұзақ мерзімге тағайындалғанда
дәрінің тәуліктік мөлшерін аз беру керек (2,5-3 мг әрбір кг салмағына).
Бүйрек үсті безінің қызметіне теріс әсер етпеу үшін, үзік курспен емделу керек.
Аэрозоль түрінде және жергілікті қолдануға болады.
Кейбір авторлар бүйрек үсті безінің қызметін күшейту үшін глицерам тағайындауды
ұсынады: 4–7 жаста 0,05-0,1; 8–12 жаста 0,1-ден, тәулігіне 2-3 рет, ұзақтығы 10 күннен 4 -
5 аптаға дейін. 
Асфиксиялық синдром бронхтардың және бронхиолдардың патологиялық
бөлінулерімен бітеліп қалуы болып табылады. Сондықтан, гиповентиляция, гипоксия
және гипоксемия, жүрек-тамыр және бүйрек үсті безінің жарамсыздығы пайда болады.
Қою, созылмалы резеңке тәрізді кілегей бронх ағашының кірпік тәріздес эскалаторын
тежейді де, бірте-бірте кілегей қоюланып, қатып, тығын пайда болады, сөйтіп бронх
қуыстары синдром бронхтардың және бронхиолдардың патологиялық бөлінулерімен
бітеліп қалуы болып табылады. Сондықтан, гиповентиляция, гипоксия және гипоксемия,
жүрек-тамыр және тамыр жетіспеушілігі байқалса көктамырға корглюкон, ацидоз болса –
4% натрий бикарбонатын жібереді. Бронхоскопияны бронхолог пен анестезиолог-
реаниматолог жүргізуі керек.
Ыстық сусын, муколитик, бронхолитиктермен бу аралас дем алдыру (эфедрин,
сальбутамол, эуфиллин), оны мукалитиктермен аралас қолдану жақсы нәтиже береді (сода,
ацетилцестеин, химотрипсин). 
Гемосорбция демікпелік жағдайды тарату үшін ересек адамдарға да, балаларға да
қолданылады және гемосорбция кезінде глюкокортикоидты емнің интенсивтілігі
төмендеп, реанимациялық саты қысқарады.
Интенсивті ем кезінде, сонымен қатар, полипрогмазияға мұқият болу керек.
Демікпенің еміне аллергиялық қабыну медиаторларын тежейтін дәрілер, яғни
антигистаминдер (димедрол, пипольфен, супрастин, тавегил, фенкарол және т.б.) жатады.
Олар Н
1
-рецепторларын блокадалайды, Н
1
рецепторлары арқылы гистамин тегіс еттерге.
Бірақ, бұл барлық уақытта клиникалық нәтиже бермейді, себебі, демікпенің клиникалық
көрінісінің дамуына басқа да биологиялық активті субстанциялар қатысады. 
Антигистаминдер
атропин тәрізді әсер ететін болғандықтан, респираторлы жолдың
клегей қабатын құрғатып жібереді, сондықтан, бұл дәрілерді ұзақ уақытқа қолдануға
болмайды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   540   541   542   543   544   545   546   547   ...   979




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет