Жеңіл персистеуші БА (2-ші саты).
Кромондармен 3 айдан кем емес мерзім бойына
емдеу. Емнің басында антилейкотриендік дәрілерді, ұзақ әсер ететін β
2
-агонистерді,
ұзартылған теофилиндерді қолданған жөн. Нәтижесі шамалы болса иГКС-дың аз дозалары
үлкен спейсерлерді (0,75 л) пайдаланып беріледі.
Орташа ауыр персистеуші БА (3-ші саты).
иГКС-дың аз және орташа дозалары
иГКС-дың төменгі дозаларымен, антилейкотриенді дәрілермен қосарланып қолданылады.
Ауыр персистеуші БА (4- ші саты).
Күрделіленген дәрілер, иГКС орташа және
жоғары мөлшерде қолданылады. Антилейкотриенттық препараттар, жәйлап босайтын
теофиллиндер қолданылады.
Базисті емнің тиімділігі тұрақты, пикфлоуметрия жүргізу арқылы бағаланып
отырады. БА-ны қадағалауға қол жеткізілгеннен кейін, 3 айдан кейін ғана базисті емді
өзгертуге болады. иГКС дозасын 25-50%-ға 3 ай сайын, науқастың жағдайы тұрақты
болса, азайтады.
Алдын-алу қасиеті бар дәрілерден
– интал (кромолин натрий) педиатриялық
практикада жиі қолданыла бастады, ол фосфодиэстеразының белсенділігін жойып, «мес»
клеткаларда клеткалардағы цАМФ-тың концентрациясын көбейтеді. Сол себепті «мес»
клеткаларың мембраналары арқылы жүретін кальций иондарының тасымалдануы
нашарлап, олардың дегрануляциясын болдырмайды және аллергиялық медиаторлардың
шығуының алдын алады. Интал мукоцилиарлы тасымалдануды жақсартады. Ол атопиялық
демікпеде жақсы нәтиже береді. Нәтиже 2-4 аптадан кейін байқала бастайды. Кейбір
науқастарды инталмен емдеу кезінде глюкокортикоидтарды тоқтатуға немесе олардың
тәуліктік мөлшерін азайтуға болады. Сөйте тұра, интал демікпенің ауыр түрінде оң нәтиже
бере алмайды.
Демікпенің атопиялық түрінде бактериясыз аллергендермен арнайы
гипосенсибили-
зациялау
қолданылады. Арнайы терапия көп ауруларда (80-85%) жоғары нәтижелі әсер
етеді. Клиникалық динамикасының жақсаруымен қатар, арнайы гипосенсибилизациялау-
дың әсерінен, қан сарысуындағы деңгейі жоғарылайды да, блокирленген антиденелердің
саны өседі. Клеткалық иммунитет күшейіп, бұрын саны азайып кеткен Т-лимфоциттер
қайта көбее бастайды, клетка-супрессорлардың субпопуляциясының деңгейі көтеріліп, ал-
лерген арнайы супрессияның индукциясы (орналасуы) күшейеді. Көп жылдар бойы қолда-
нылып келген арнайы гипосенсибилизация әдісі өте жоғары нәтижелер беріп келе жатыр.
Бірақ, арнайы гипосенсибилизациядан соң науқас толық сауығып кетпейді және бактерия-
лы вакциналар аллергиялық ауруларда емдеуде оң нәтиже беретіні дәлелденбеген.
Атопиялық демікпеде Т-лимфоциттердің деңгейі азайып кетуіне байланысты,
иммундымодурлеуші
дәрілерді қолданған жөн. Көбіне девамизол қолданылады. Сонымен
қатар, кейбір авторлардың айтуы бойынша, иммундымодурлейтін дәрілерді өте сақ түрде,
міндетті түрде иммунологиялық бақылау жүргізе отырып тағайындаған жөн.
Соңғы жылдары дәрісіз емдеу әдістеріне көп көңіл бөлінуде:
емдік дене шынықтыру,
физиотерапия, рефлексотерапия, инетерапиялар
кеңінен қолданылып, біршама оң нәтиже
көрсетіп отыр, яғни, клиникалық динамикасы жақсарып, орталық жүйке жүйесінің
биоэлектрлік белсенділігі қалпына келеді, өкпелік вентиляция жақсарады, қан
сарысуындағы кортизолдың деңгейі көтеріледі. Дегенмен, рефлексотерапия тереңірек
зерттеуді қажет етеді.
Орташа және ауыр ұстамадан науқас шыққаннан кейін ең болмағанда 3 күн бойына
күнде бақылап, қадағалап отыру керек
Демікпемен ауыратын науқастарды реабилитациялаудың маңызды бөлігіне науқасты
жергілікті және климаттық санаторияларда емдеу жатады.
Спелеотерапия
– демікпемен
ауыратын науқастарды тұзды шахтаның микроклиматында емдеу, ол әрі қарай зерттеп,
тексеруді қажет етеді.
Достарыңызбен бөлісу: