Мюсси белгісі (басының тербелуі), қарашықтың кеңеюі және тарылуы (Ландольфия
белгісі) балаларда сирек кездеседі. Жүрек ұшының серпінінің жайылып, биіктегені, жүрек
шекарасының негізінен солға, кеңейгені анықталады. Аускультация жасағанда, екінші
қабырға аралықтағы протодиастолалық шумен қатар, оң жақта (кейде қатқыл болып
келеді) қолқаның салыстырмалы тарылуының систолалық шуы, жүрек ұшында митральды
қақпақтық салыстырмалы (сол қарыншаның дилатациясы) систолалық шуы, Флинттің
ирисистолалық шуы (митральдық салыстырмалы тарылу) анықталады. Бұның бәрі құрама
немесе қосақ ақаулар бар деген жалған болжам жасауға әсерін тигізуі мүмкін. Үлкен
тамырлар деңгейінде пистолеттің атылуы тәрізді. Траубенің қос тоны (артерияның
қабырғасының систола және диатола кезендегі тербелісіне байланысты), артерияны
фонендоскоппен басып, кішкене қысқанда әдеттегі систолық шу орнына, Дюрозье қос
шуы (систолық және диастолық), қолқа деңгейінде 2 тонның әлсірегені анықталады.
Қолқа жарамсыздығында жүрек шамасыздығы, жиі қайталамаларда және қақпақтар
айқын деформацияланғанда, көбіне сол қарынша әлсіздігі түрінде пайда болады.
Достарыңызбен бөлісу: