қасықтан беру керек. Ырғағының бұзылыстары байқалса, новокаинамид (тәулігіне ішуге
0,03-0,05 г/кг немесе бір ретте 0,2мл/кг 10%-тік ертіндісін етке жібереді), β – адренобло-
каторлар (анаприллин, индерал, обзидан, кордарон) 1-2мг/кг есебінен қолданылады.
Ауыр жағдайларда венаға натрий цитратының 2%-тік, унитиолдың 5%-тік ертіндісін
(0,1мл/кг) жіберу қажет. Жүрек шамасыздығының пайда болу механизміне байланысты
гликозидті тағайындаудың кейбір ерекшеліктері бар.
Энергетикалық-динамикалық шамасыздықта, әдетте дәріні венаға жіберу арқылы
жылдам қанықтыру әдісі қолданылады. Ең жоғарғы дозаны қолданған дұрыс. Мысалы,
дигоксиннің 2 жасқа дейінгі қанықтыру дозасы 0,075-0,01мг/кг, ал сақтау (сүйемелдеу)
дозасы қанықтыру дозасының 1/4 бөлігіне тең болады.
Гемодинамикалық шамасыздықта гликозидтерді орташа жылдам немесе жәй
тәсілдермен ішкізіп қолданған жөн. Әдетте, ең төменгі дозаларды береді. Мысалы, 2
жастан кейінгі балаларда дигоксиннің қанықтыру дозасы 0,05мг/кг, сүйемелдеу (сақтау)
дозасы қанықтыру дозасының 1/5 бөлігіне тең. Сақтау дозасымен емдеу ұзақ уақыт, көбіне
ұдайы қолданылады. Гликозидтердің ішінде клиникалық практикада дигоксин жиі
қолданылады.
2А-дәрежелі қан айналым шамасыздығында жақсы жеделдеген бөлмеде төсектік
режим тағайындалады. Балаға тұз, сұйықтық тәуліктік мөлшердің 2/3 бөлігіне дейін
шектеледі, кейбір жағдайларда жеміс-жидек, қант немесе қант-сүзбе диеталары
қолданылады. Дәрілерден негізінен жүрек гликозидтері, витаминдер, кокарбоксилаза,
калий оротаты, панангин, АТФ, поляризациялық қоспа қолданылады.
2Б-дәрежелі шамасыздықта қатал төсектік режимде, басын жоғары көтеріп
жатқызып, оттегімен демалдырады. Тұз бен суды шектеумен қатар, аптасына 1-2 рет
жеңілдендіру диетасы қолданып, бөліп-бөліп жиі тамақтандырылуы керек. 2А-дәрежелі
шамасыздықта берілген дәрілерге зәр жүргізетін препараттар қосылады. Ісіктер орташа
күйде болса альдактон немесе верошпирон (тәулігіне 5-10мг/кг) жеткілікті болады. Өте
айқын ісіктерде гипотиазид, лазикс (1-2мг/кг) және басқа дәрілер қолданылады. Көбіне
альдактон немесе верошпиронды лазикспен, болмаса гипотиазидпен қатар қолданады.
3 дәрежелі шамасыздықта 2А дәрежесіндегі емге қосымша дистрофиялық
өзгерістерге сай емдер қолданылады.
Достарыңызбен бөлісу: